10:41
Қазақтық

ШАЛМА

Шалма ойынына екі адам қатысады да, қалғандары көріп, тыңдап отырады.

Ойын үйде, аулада өте береді. Ойыншылар біріне-бірі қарсы қарап отырады да, дайын болған шалманы (екі ұшы тұйықталған жіп) бірінің қолынан бірі алады. Алғашында екі ұшын біріктіріп түйеді де, екі қолға, яғни төрт саусаққа кигізеді, ортаңғы саусақпен кезекпен іліп алады, сонда «ыңыршақ» шығады.

Екінші жағдайда келесі ойнаушы бас бармақ және сұқ саусағымен ыңыршақтың екі жақ керегесінің үстінен астына қарай алып, «кереге» шығарады.

Үшінші жағдайда керегені үстінен астына қарай алып, «шаңырақ» шығарады.

Төртінші жағдайда шаңырақты екі шынашақпен айқастыра іліп алып, «астауша» шығарады.

Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» шығады. Енді әрі қарай жалғастырып ойнай берсе – «астау», «кереге», «шынтақ», «астау», «кереге», «шынтақ» болып қайталана береді.

Ойлы ойыншылар бұл бейнелердің жаңа көріністерін өзінше өрнектеп кеңейте беруге тырысады.

Бұл жасөспірімдердің тұрмыстағы үй жабдықтарын қалай пайдаланатындықтарын көз алдына елестетіп, соларды өзі жасағандай әсерлендіре дамытуға бастайды.

 

Психологиялық мәні:

Адам өз өмірінде интернационал. Өз өмірінің мәнін ұғынуға тырысып тіршілік кешеді. Бұл жайтты халқымыз ұғынғандығын – салт-дәстүр мен жол-жоралғылардан ғана емес, әрбір ойыннан да көреміз. Уақыт өткізу үшін ғана емес, әр сәтті мағыналы өткізуді көздеген ойындардың бірі – шалма.

Адамның интернационалдығы дегеніміз – оның ой-санасының үнемі белгілі бір сыртқы объектіге бағытталып отыруы. Адам санасының бағыты – философиядағы, психологиядағы, лингвистикадағы басты белгілісі саналады. Ол адамның басқа тіршілік иелерінен ерекшелігін білдіреді және тілін дамытудың алғышарты. Адамның бұл қасиеті экзистенциалдық психологияда заттың сыртқы келбетін ғана емес, табиғаты мен «ішкі сырын» көре алатын қабілетін көрсетеді. Ол «феноменологиялық көру» деп аталып, психологқа қажетті кәсіби қабілеттің бірегейі болады.

Шалма ойынында ойыншылардың феноменологиялық көру қабілеті жетіледі. Бірінші ойыншы жоқтан бар жасап, заттың кейбір келбетін көрсетуге тырысса, екінші ойыншы біріншінің не айтпағы бар екенін табуы қажет. Сондықтан шалманың ең басты мақсаты – екі ойыншы өзара бір-бірінің жасаған ымы мен ишаратын түсінуге тырысуы, ұғынуы, үйренуі керек.

Шалма арқылы қазақ балалары тұрмыс-тіршілігінде қолданатын кез келген затты өз қолымен жіп арқылы «жасап» көрсетіп, тұрмысқа қажетті әрбір затты танып, олардың қасиеттерін, белгілерін ұғынған. Яғни әрбір затпен қатынас орнатады, танысады. Сондықтан әрбір қазақ баласы тұрмысқа қажетті заттарды тануда, «дайын іске тік қасық» болмай, өз қолдарымен жіп арқылы «жасап», тануға тырысқан.

Шалманың келесі шешкен міндеті – адамның ойлау қабілетін арттырған. Ойлау – адамның объективті шынайылығымен қарым-қатынас, байланыс орнату арқылы тану. Шалма ойынында ең алдымен адамның ойлау қабілеті «іске қосылады». Қазіргі таңда психологияда ойлаудың көрнекі-әрекеттік, көрнекі-образды, сөз-логикалық, теориялық, тәжірибелік, шығармашылық деп аталатын түрлері бар. Ойлаудың осындай түрлері шалма ойыны арқылы дамитыны анық.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 50 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: