22:19
Қазақтық

ҚЫЗДЫ ОҢ ЖАҚҚА ОТЫРҒЫЗУ

Ежелгі салт бойынша, қыз бала он екіге толғанда үйдің оң босағасынан орын беріп, өзіне тиесілі киім-кешек, көрпе-жастығы мен жатын орнын шымылдық құрып көлегейлеп, бөлектеп тәрбиелеген.

Ал оны бүркеп, көлегейлеп тұрған үлкен перде – «шымылдық», шымылдық ішіндегі қыздың орны «көсеге» делінген.

Қыз бойжетіп ұзатылғанда, көсегесін жасаумен бірге алып кетеді. Халықтық бата-тілектерде айтылатын «көсегең көгерсін» деген сөз содан шыққан.

Қазақ халқының қыздарды жастайынан оң босағаға отырғызуының үлкен ғылыми негізі бар. Ол қыздардың дербес өмір сүру қабілетін жоғарылатады. Болашақ отауды қалай ұстап, қалай басқаруды, шаруашылық істерін реттеп, жөнге салуды үйретеді. Еңбекшілдікке, іскерлікке тәрбиелеп, ана, отау иесі болуға бейімдейді. Сондай-ақ, болашақ отбасымен ұрпағы алдындағы жауапкерлік сезімін арттырады.

 

Психологиялық мәні:

Халқымызда әр баланың туылғаннан өзінің жеке кеңістігінің болуына аса мән берген, оны қасиетті деп санап қорғаштаған.

Кәмелетке толғанша тұлымшағы желбірегенді қыз немесе ұл деп гендерлік белгісіне бөліп қарамай, үйдің еркесі және үйдегі бар кеңістік баланың кеңістігі болып еркіндікте өсірген.

Ал енді кәмелетке толғанда неліктен қазақта ұл баланың өз кеңістігі жоқ, қыз баланың өз кеңістігі бар? Бұл сұрақтың жауабын қазақтың табиғатқа сай кешкен тіршілігінен табамыз.

Ұл бала – кәмелетке толған қой жасынан бастап «түз адамы» ретінде тәрбие берілгені анық. Яғни бүкіл қазақ жері – қазақ ұлының меншігі. Бүкіл жер қазақ ұлының меншігі болса, демек шаңырақты бөліп-жарып, «үй ішінен үй тігіп», өз кеңістігін бөліп бермеуінің де астары осында болса керек.

Ал қыз баланың тәрбиесі керісінше. Кәмелетке толғаннан бастап, қыз баланы өз етек жеңін жинауға, өзінің болашақта жеке бір үйдің түтінін түтететіндігіне етін үйреткен.

Оң жақ – қыз бала тәрбиесіндегі жеке шекара мен қыздың ерекше орнын көрсететін дәстүр.

Оң жақ арқылы кәмелетке толғаннан бастап қыз бала өзінің өмірілк қызметін орындауға дайындалады: туған шаңырағының ішінде «өз шаңырағы» болады, өзіне тиесілі киім-кешек, көрпе-жастығы мен жатын орнын шымылдық құрып көлегейлеп, бөлектенеді. Көсеге орнатып, оның «көгеруінің» алғышарты болатын тәлім-тәрбие беріледі.

Екіншіден, қыз баланың өсіп-жетілуі психобиологиялық тұрғыдан, қорғаштауды, ерекше тазалықты, ұқыптылықты қажет етеді. Осыны түсінген халқымыз қыз балаға «көзінің ағы мен қарасындай» қараған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 97 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: