11:13 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР 30. Жақтың ішкі тамырынан қан алу. Жылқының үстінгі ернін көтергенде ішкі жағы көгеріп тұрса, ас қорыту процесі бұзылды дегенді білдіреді. Емдеу тәсілі. Емдеу үшін жақты ішкі тамырын шаншып қан алады.
31. Көз оймасынан қан алу. Жылқыға ыстық күннің зарары өтсе, көзі ауырса қолданады. Емдеу тәсілі. Көз оймасының жоғарғы жағындағы шошақ сүйектің үстінен жебе тәрізді үшкір пышақпен 0,7-1 см тереңдікте шаншып қан алады.
32. Үзеңгіліктен қан алу. Жылқы қызылмайланып ауырса немесе жүні үрпиіп, өң-түсі қашып жүдесе, денесінің кейбір жеріне іріңді жара шығып тесілсе, үзеңгілік тұстан қан алып емдейді. Емдеу тәсілі. Үзеңгілік тұс дегеніміз – төс айылды тартатын орын. Жылдың төрт мезгілінің қайсысында да алуға болады. Күтім жасау уақыты алты ай. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |