22:59 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР 27. Жауырыннан қан алу. Жауырынның ұшындағы шеміршекті тоқымы жұқа, ертоқым немесе ердің алдыңғы екі қапталының арасы жақын болуынан жаншылу, семіз жылқыны жарыстырып қинау сияқты жайсыз жағдайлардан жауырынның шеміршегіне сарысу жиналады. Емдеу тәсілі. Қан ұйып, сарысу жиналған жерді тауып шаншып қан шығару, сарысуын ағызып артынан сол тесіктен жауырын астына жел үрлету қажет.
28. Қапталдан қан алу. Мініс атының бағым күтімі дұрыс болмаса терлеп келген аттың ертоқымын дереу алғаннан (тынықтырмай) кейін аттың арқасына жел тиіп, ісіп, суланып іріңдейтін жағдайлар кездеседі. Емдеу тәсілі. Емдеу үшін бір қарыстай ұзын қандауырды қапталды бойлата шаншиды. Одан болмаса үзеңгіліктің екі жағындағы тамырды шаншып қан алады.
29. Күретамырдан қан алу. Жылқы аз мөлшерде уланса, немесе семіздік күйін көтеру қажет болса, кейде қанның түрі өзгерген жағдайда күретамырдан қан алады. Емдеу тәсілі. Мойындағы кеңірдектің бойын қуалап созылып жатқан жуан тамырды күретамыр дейді. Бұдан жылдың қай мезгілі болса да қан ала береді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |