00:28
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР

25. Жамбастан қан алу.

Жылқы кейде артқы жағынан ақсайды. Алайда ақсаған аяғының тұяғының ұшымен тіреп, жоғарғы санын сүйретіп басады.

Емдеу тәсілі. Бұл жағдайда төрт елідей пышақ-қандауырмен ортаң жіліктің жоғарғы ұшын ала жамбас сүйектің тесігіне кіретіндей етіп шаншиды. Бұл тамырды жоғарғы жағынан төмен қарай шаншу керек. Шаншып қан алғаннан кейін, ақсағанына көп уақыт өткен болса жеті күннен кейін, аз уақыт болса үш күннен кейін жазылады. Қан азырақ шығуы керек. 14-30 күн күтім жасайды.

 

26. Көкбауыр нүктесі

Бабы дұрыс болмаған жүйріктің көкбауыры ісініп қатты ауырғанда жылқы артын көтере алмай шоңқайып, тынышсыздана аунап, ішін тартады.

Емдеу тәсілі. Емдеу үшін жылқының оң жақ сүбе қабырғасынан алға қарай үш елі, арқа сүйектің шетінен төрт елі төмен өлшеп алып, түйіліскен жерден төрт елі ұзын жіңішке бізбен шаншиды. Егер көкбауырға біз дәл тиген болса біздің сабы дірілдеп қозғалады. Көкбауырға қадалмаса біз қозғалмайды. Күтімді үш ай жасайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 42 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: