00:17 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР 23. Санның ішкі тамырынан қан алу Мініс аты немесе бәйге аты жайшылықта артқы жағына қарай қиралаңдаса қан айналымы гашарлап, қаны қоюланғанын білдіреді. Сондай-ақ, жылқының өң-түсі қашып, денесінің кейбір жерлеріне іріңді жара пайда болады. Емдеу тәсілі. Бұндай дертке тап болған жылқыны санының ішкі жағынан қан алу арқылы емдейді. Алынатын қан мөлшерін оташы жылқының ауруына байланысты тоқтатады. Санының ішкі тамырларынан қан алған жылқыны 3-6 ай күтімде ұстайды.
24. Құйрық ұшы, ортасы және екі жақ нүктелерінен қан алу Жылқы құйрығымен қандай бір нәрсеге сүйкене берсе, құйрығы жазда құрттаса, құйрықтың екі қапталының жүні түсіп тақырланса оны қан алу арқылы емдейді. Емдеу тәсілі. Құйрық нүктелерінен қан алғанда қатты абайлау керек. Тек шебер оташылар ғана алғаны дұрыс. Ол үшін алдымен құйрықтың түбінен жіңішке жіппен қатты байлап, құйрықтың екі жағындағы тамыры адырайып шыққан кезде біреуін шаншып, 50 грамм мөлшерінде қан шығарады да, байлауын шешіп қан тоқтағанға дейін бақылайды. Ескету. Бұл нүктелерді шықшыт, маңдай және көздің екі жақ тамыр нүктелерін шаншығаннан кейін жеті күннен соң шаншиды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |