09:52 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ ҚҰРТ Белгісі. Малдың жұлынында болатын сарысу. Құрт болған жылқы оттамай, таңертең күн шыға күнге қарап, құлағын қайшылап, күн батып бара жатқан уақытта күнбатысқа қарап тұрып қалады. Күн сәулесінің айналуына қарай, маңдайын сол жаққа бұрып айнала береді. Емдеу тәсілі. Ауырған жылқыны жығып, төрт аяғын байлап, тырнақтай у қорғасынның ортасын жіпке сабақатайды да, жаяның бел омыртқаға қосылған жерінен, яғни сегізкөздің үстінен теріні тесіп жіберіп тығып қояды. Сонан соң тұрғызып басын байлап қойса, екі сағаттай терлеген жылқы аузынан ақ көбік ағып жығылады. Есінен айрылған жылқыны суық су немесе аузына сиырдың сүтін құйып тұрғызып алады. Дәл осындай әдіспен ақбүйрек деген шөптің тамырымен де ембейтін болған. Екеуінде де мал сауығады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |