10:38 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ КӨКІРЕК МАҢҚА Белгісі. Бұл ауруға шалдыққан жылқы жем-шөптен қалып, жіңішкеріп, кеудесі сырылдап, тынысы тарылып, күннен-күнге нашарлай береді. Мал жайын жақсы білетін оташылар сыртқы белгілеріне қарап-ақ жылқының көкірек маңқаға шалдыққанын аңғарады. Емдеу тәсілі. Ауырған жылқының ауызын кере ашып, тілін қысқашпен тартып тұрып, басы мен құйрығының ұшы кесілген жыланды екіге бөліп, жұтқызып жібереді немесе жыланды шөппен қосып жегізеді. Жылан міндетті түрде улы жылан болуы қажет, емнен кейін бірсыпыра уақыт су беруге болмайды.
ТАНАУ МАҢҚА Белгісі. Бұл дертке шалдыққан жылқының танауынан сасық сары жалқыаяқ маңқа ағады. Індет осы маңқа арқылы сау малға жұғады. Көкірек маңқаға қарағанда танау маңқаны жазу жеңілірек. Емдеу тәсілі. Маңқа болған аттың танауына тиер-тимес етіп тірі құрбақаны аттың кекілінен байлаған. Құрбақаның жыбырлаған кескіні мен иісінен сескенген жылқы жиі-жиі түшкіріп, осқырынып танауындағы маңқа мен қанды іріңді түсіріп тастайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |