10:57
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

МАҢҚА

Белгісі. Жылқының мұрнынан қан аралас жалқаяқ ағады. Бұл індетке шалынған малдың өкпесінде, ішкі тыныс алу органдарының кілегей қабықтарында түйнектер пайда болады. Ол асқынған кезде жараға айналады. Бұл дерт қолда бағылатын, яғни жем-шөпті ақырдан немесе атдорбадан жейтін жылқыда жиірек кездеседі. Ауру ошағының орналасуына сәйкес індет өкпе (көкірек маңқа), танау (боз маңқа) және тері маңқасы болып үш түрге бөлінеді. Маңқаның теріге шығатын түрінің белгісі жылқы денесінің әр жерінде, ет пен терінің арасынан без-без, бұжыр-бұжыр өлі еттер пайда болады.

Емдеу тәсілі. Жылқыны жығып, ауру жайлаған жерлердің терісін ортасынан жара, екі жағына қарай тіліп, маңқасын сылып алып, теріні қайтадан тігіп тастайды. Тікпес бұрын жылқының қылын өткізіп, жараның екі жағынан шығарып қояды. Қылды қоса тігудегі себеп: жараның орнында қалған қанды ірің біртіндеп ағып кету үшін істелінеді. Ем жасалған жылқы кемінде бір жыл мінілмеу керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 56 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: