21:14 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ КҮЙДІРГІ Белгісі. Жылқының алқымы, тамағы, омырау, төстабаны, іші іседі, қабырғаның астын ала, төс етегінің сыңар бетіне ісік жүреді. Сипаған қолға ісіктің ыстық табы білінеді. Өзінен-өзі шошынғандай жанталасады, бір нәрседен қашатындай ығысады, тынышсызданады, созылып, қиналады. Жүргенде қиралаңдап, аяғы шалынып, бөксесін сүйрей басады. Тіс, тіл, ұрт еттері көгеріп булығады. Жем-шөп жемейді, су ғана ішеді. Емдеу тәсілі. Ауру байқалысымен ісікті қызған темірмен қариды. Мұны ісіктің құртын өлтіру дейді. Аттың бауырына шыққан жалпақ, ісікке темір тегенені немесе қазанды отқа қыздырып сыртын құрым киізбен бастырып, жіппен шандып-шандып байлап тастайды, мұны үш рет қайталайды. Емдеудің екінші түрі: ұмасының алды табақтай болып ісінген жылқыны жығып, төрт аяғын байлайды. Ісікті айналдыра өткір бәкімен арасы 5-6 см қылып әр жерден тіліп және үшкір ағашпен сұғып кеңіте отырып, әр тесікке бір сасық қара қоңыз бен бидайдың дәніндей тотияйынды тығып отырады. Емдеген жылқыға екі-үш күн су ішкізбейді. Болмаса, ісікті жарып, ішіндегі жалқаяқты пышақпен сылып тастап, тұзды сумен жуып, бірнеше қоңыз салып байлап тасатйды. Ішке түскен күйдіргіні емдеу. Ауырған жылқыны жоғарғы ернінен қылбұрау салып, шұралап байлайды да, қамшылар жақ 4-ші және 5-інші сүбе қабырғалардың арасынан, арқа омытрқадан екі елі төменірек жуан біз тығып, қарынға жабысып тұрған көкбауырды біздің ұшымен шабақтап қан ағызады. Мұндай күрделі операцияны тек тәжірибелі оташы ғана жасауы керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |