11:19 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ ЖӨТЕЛ Белгісі. Бәйге атына суық тиюден, шаң-тозаң жұтудан, шашалудан пайда болатын дерт. Жөтелге шалдыққан жылқы тым шаршағыш, тершең келеді, ішін созып ентігеді және жөтеледі. Ауру алғаш басталған кезде аз жөтеледі де асқына келе қақалып, шашалады. Ауырсынады. Қабағы түседі, көзі былшықтанады, мұрнынан ақ түсті (айран іспетті) іріктелген сұйық ағады. Дер кезінде емдесе 5-6 күнде жазылып кетеді. Дұрыс емделмеген жылқының ауруы созылмалы түрге ауысады, тіпті ол асқына келіп өкпе ауруына шалдығуы әбден мүмкін. Емдеу тәсілі. Жөтелген жылқыны киіз жабумен жылылап жабулап, басын бітеулеп (дорба кигізеді) қайнатылған арша суымен булайды. Әбден шөлдетіп қайнатылған қарағайдың жас бүрі немесе арша суымен суару керек. Бармақтай қара аңдызды немесе тамырын ауыздыққа байлап суын жұтқызу керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |