09:55
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

НОҒАЛА

Белгісі. Көздің ішкі мөлдір шеміршегі өсіп, етін қажайтын дерт.мшеміршек өскенде ішкі қылау қыры қатқылданып жансыз мүйізге айналады. Сол мүйіз көзге тие беретіндіктен көз қажалып ақ тоқтайды. Егер ноғала дер кезінде алынбаса, көз қарашығын ағызып жіберуі бек мүмкін. Ноғала түскен көз жасаурап, су ағып, айналасына шаң-тозаң, кірпіктері сауыс болып, жылқы көзін аша алмай, жүріп-тұруға жасқаншақтайды.  

Емдеу тәсілі. Көзінде ноғала бар жылықыны жығып, төрт аяғын тыпыр ете алмастай мықтап байлайды. Ең алдымен көздің асты-үстін аударып-төңкеріп көріп ноғала қай жағында қанша мөлшерде екендігін анықтайды. Әдетте ноғала көздің астыңғы шеміршегінен кездесуі керек. Ноғала өскенде шеміршектің қылау қыры жіп-жіңішке болып, қарауытып байқалады. Сол қырау қырдағы қара жиекті қырып алу керек. Қара жиекке ішінен сыртына қарай инеге сабақталған жіп өткізіп, жіптен көтере тартса, шеміршек көзден бөлектенеді. Сол сәтте өткір ұстарамен әлгі қара жиекті айналдыра сылып алады. Мұны ноғала алу деп атайды. Кескенде жансыз қара жиек пен шеміршек арасындағы қара сызықты пышақ жүзі дәл басып өтсе, кесілген жерден қан шықпайды. Көзге түскен ақты кетіру үшін көзге арша көмірін 2-3 қайта салып емдейді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 53 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: