22:37
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

ТАЛАҚ

Белгісі. Жүйке жүйесінің, оның ішінде вегетативтік жүйке жүйесінің ішкі органдар (көкбауыр, бауыр, асқазан, ащы ішек, қарта) қызметін үйлестіру процесінің бұзылуы ноқала, талақ сияқты ауруларға душар етеді. Бұл ауру жем-шөп дұрыс берілмеуінен, жылқыны жұмысқа дұрыс пайдаланбаудан (тоқ атпен тұра шабу, желіп-жортып келіп суытпай суару, жемдеу, қараөзек шақта алыс жолға жүріп қинау, т.б.) сыртқы орта мен ауа райының кездейсоқ өзгеруінің салдарынан туындайды. Аталған себептер асқазан мен ішектің сөл бөлу, жиырылып ширау қабілетін бұзады. Ішектің кейбір бөліктері қатты жиырылып, ширап, ішек қуысын тарылтады, кейде бітеліп те қалады. Осы жағдайдан кейін ас қорыту жолдарындағы жем-шөпте шіру процесі жүріп, улы газдар бөліп шығарады. Ол жүйке жүйесін уландырады. Бауырдың улы заттарды залалсыздандыру қабілеті нашарлайды. Сөйтіп жылқының тыныс алу, қан айналу жүйелерінің жұмысы бұзылады. Бұл дерттерге шалдыққан жылқы жата қалып аунайды. Жүріп бара жатып кілт тоқтайды. Тыным таппай демігеді. Танауының шершеуі делдиеді. Екі бүйіріне кезек қарай береді. Ауру асқанғанда төрт аяғын көсіліп сұлық жатып қалады. Анда-санда басын көтеріп бүйіріне қарайды.  

Емдеу тәсілі. Ауру жылқыны жығып, аяғын байлап, ернін тіліп, делдиіп тұрған шершеуді инеге сабақталған жіп арқылы тартып тұрып белгілі мөлшерде кесіп алады. Таңдайынан қан алып, өз қанын өзіне жұтқызады.

Егер талақ деп танылса көк бауырдан қан алынады. Талақ жылқы екі бүйіріне кезек қарай береді. Тісінің еттері талауырап ісінеді, қаракөкшіл тартады. Ауырған жылқыны шідерлеп бекітеді. Мінер қабырғасының соңғы қанатынан санағанда үшінші, төртінші қабырғалардың арасынан, қыр арқадан төмен 5-6 елі тастап 7-8 см ұзын біз шаншады. Біз көкбауырға дәл шаншылған жағдайда дірілдеп қозғалуға тиісті. Бірнеше минуттан кейін бізді алып, желіп жортып жүріп бусандырса жылқы дереу жазылып кетеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 62 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: