16:20 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ ҚАРТА ТҮЙІЛУ Белгісі. Қазақ «шабар аттың тоғы игі» деп бекер айтпаған. Өйткені бәйге жолына аш күйінде шығарған жылқының қартасына жел толып, шапқан кезде бос қарта біріне-бірі сұғынып кетеді. Мұндай дертті қарта түйілу немесе қарта түсу деп атайды. Қартасы түйілген ат көмбеге жетер-жетпесте жығылып кетеді. Көзі алақтап, шалқалап аунай береді. Өз қабырғасын өзі тістейді. Бұлшық еттері дірілдеп тұрады. Тұрғызғанда шоңқайып отырып қалады. Емдеу тәсілі. Көтеншегіне қол салып көру керек. Егер түйілген қарта қол жететіндей жақында болса, ептеп тартып, түйіншегін жазып қалпына келтіруге болады. Ал түйінге қол жетпесе, тік шегінен сұйық май немесе қойдың ерітілген құйрық майын құю керек. Жаясына су шашып сіңірген жөн. Таңдайдан немесе тіл астынан қан алып, өз қанын өзіне жұтқызудың да игі әсері тиюі мүмкін. Ең бастысы: азықтандырған абзал. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |