09:31 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ ҚАН ТҮСУ Белгісі. Шауып келген атты жарты сағат желге қарсы жетелеп, терін әбден кептіріп, ентігін басқан соң байлайды. Егер ыстықтай байланса, кеудесіне немесе аяғына қан түседі. Аяқтарын ұстап көргенде қан түскен аяқтың ыстығы қооға анық білінеді. Қан түскендігі дереу білінсе емдеу оңай. Егер кешіктірілсе, емдеу қиын. Емдеу тәсілі. Шашаның барлауынан қан алады. Жіліншікті шылбырмен буындырған кезде бақайдың барлау тамыры бадырайып шыға келеді. Өткір қандауырмен барлауды шетіп (жеңіл қанату) қан ағызады. 250 грамм мөлшерінде қан алынады. Барлаудың шетілген орнын бармақпен басып қанды тоқтатады да атты бауырына дейін келетін ағын суға байлап күн таластырады. Аяққа түскен қан толық жазылады. Ал қан кеудеге түскен болса, ат кем болып қалуы ықтимал. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |