23:25
Атбегілік арналары

ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫ

Будан тұқымдар

Орыстың жүк тұқымы. Ертеден бері келе жатқан жылқы тұқымы. Бойы аса биік емес, орташа келген, маңдайы кең, мойны жуан, шоқтығы биік емес, арқасы ұзын, белі қайқылау, қабырғасы тік. Бұған дейін айтылған жылқы тұқымдары Қазақстанның көптеген облыстары мен аудандарында бар.

Орыс желісті жылқысы. Бұл орлов биелері мен американ желісті айғырларын шағылыстырудан алынған будан, желгір жылқылардың тұқымын жақсарту үшін өсіріліп шығарылды. Орыстың желісті жылқысы орлов жылқысына қарағанда кішірек, денесі де қысқа, мойны біркелкі, шоқтығы кетеріңкі, аяқтары ұзын, тұлғасы тығыз, бұлшық еттері шығыңқы келеді.

Кеңес жүк тұқымы. Бұл ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы. Денесі ірі, мойны етті, шоқтығы өте биік емес, арқасы мен кеудесі кең, қабырғасы жұмыр, аяқтары жуан келеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 76 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: