22:55
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАСЫН АНЫҚТАУ

Тіс арқылы жас анықтау

Он жасар жылқы. Астыңғы екі ішкі тістің қажау қабаты шеңберленеді. Жоғарыдағы екі ішкі тістің мөрі айқындалады да, екі шеткі тіске аша пайда болады. Ортаңғы 4 тістің мөрі өшіп тегістеледі, яғни тістің беті майдаланады. Еркек жылқының тісі 40-қа, биенікі 36-ға жетеді.

Он бір жасар жылқы. Жоғарғы маңдайындағы орта және ішкі тістердің қажау қабаты шеңберленіп, мөр табы кішірейеді. Астыңғы-үстіңгі тістер түгел теңеледі. Жалпы алғанда тісте мөр қалмайды.

Он екі жасар жылқы. Астыңғы маңдай тістерінің қажауы түгелдей шеңберленеді. Жоғарыдағы қасқа тістің мөрі өшіп, сыртындағы сызық дағы кеңейеді. Тістің ортасында сары өзек пайда болады. Тістің ортасында сары өзек пайда болады. Бұны «сарқайрақтанды» дейді.

Он үш жасар жылқы. Барлық маңдай тістері шеңберленеді. Қасқа тістің дағы жоғалады. Үстіңгі жалғыз азу мүжіле бастайды. Кәрілігі жетпеген жылқының тіс мөрі кеткенімен, тісі жантаймай тік тұрады.

Он төрт жасар жылқы. Қасқа тістің қажау сырты үшбұрыштанады. Тістердің сызық дағы үлкейеді. Тістердің реңі бүтіндей сары түске өзгереді.

Он бес жасар жылқы. Қасқа тістің мөр орнындағы өзегі дөңгеленіп, аласарып тозады, түбі ашылып, жіңішкереді.

Он алты жасар жылқы. Ішкі тістердің қажауы үшбұрыштанады. Тістің қара өзегі: қасқа тісте дөңгелек, ішкі тісте дөңгелектеу, шеткі тісте сопақша болып көрінеді.

Он жеті жасар жылқы. Астыңғы тістердің барлығы үшбұрыштанады. Өзек сызығы шеңберленеді. Қасқа тістің жұлары үшбұрыштанып еті қашалып, бүріседі.

Он сегіз жасар жылқы. Маңдай тістерінің қажауы тік сопақша күйге ауысып, жырасы шеңберленеді. Қасқа тістің қара өзегі тереңдеп, шөп шайнары сыр бере бастайды.

Он тоғыз жасар жылқы. Маңдай тістерінің қажауы тік сопақша күйге ауысып, жырасы шеңберленеді. Тістің шеті мүжіледі. Бұндай жылқыны «қара өзегі айналған кәрі» деседі.

Жиырма жасар жылқы. Маңдай тістерінің қажауы тік сопақша күйге ауысып, жырасы шеңберленеді. Ат азуы мүжіліп тұқылданады. Тістің арасы алшақтайды.

Жиырма бір жасар жылқы. Барлық маңдай тістері мүжіледі. Тістің қыршу қырқалары тегістеледі. Иегі қушиып, ерні бүрісіп, жұлары сопақшаланып, тістің еті қашып, ұзарып, түбі жіңішкеріп маңдай тіске тұтастай қараөзек жүгіреді.

Жиырма екі жасар жылқы. Барлық маңдай тістері мүжіледі. Тістің қыршу қырқалары тегістеледі.

Жиырма үш жасар жылқы. Барлық маңдай тістері мүжіледі. Қабысқан сопақша болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 108 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: