20:35
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАСЫН АНЫҚТАУ

Тіс арқылы жас анықтау

Сүт тіс. Жаңа туған құлынның еміп жүргенде шыққан тістері.

Қасқа тіс. Жылқының алдыңғы маңдай тісі.

Шет тіс. Маңдай тістен кейінгі тістер.

Тұрақты тіс. Жылқы тісеген соң, екіден бес жасқа дейінгі шыққан тістері.

Үкпе тіс. Азу тістер.

Ұры тіс. Азу тіске қосарланып шығатын ұзын тіс. Ол шыққанда жылқы отауынан қалып, жүдейді.

Қырқылған тіс. Тіс бедерлерінің мұқалып тегістеле бастағаны.

Тісеу. Сүт тістері түсіп, орнына жаңа тіс шығып келе жатқаны.

Қос тіс. Негізгі сүт тістері мен тұрақты тістерінің жанынан (қабаттаса) шыққан тіс.

Мөр (бедер). Тісінің үстіңгі бедерлеріндегі шұңқыр.

Сопақ мөр. Бес жастан он жасқа дейінгі жылқының тіс бедерінің (шұңқырларының) мұқалмаған көздері.

Дөңгелек мөр. Он екі жастан он сегіз жасқа дейінгі тістің шұңқырлығы сопақ түрінен өзгеріп, дөңгелек түрге айналғаны.

Үш бұрыш мөр. Он сегізден жиырма үш жасқа дейін тістің шұңқырлығы сопақ түрінен өзгеріп, дөңгелек мөрлерінің үш бұрыштанғаны.

Қыр. Тістің үстіндегі шұңқырларының жиектері.

 

Екі жасар жылқы. Тістің құлын кезінде алғаш пайда болған сыртқы балауса шыны қабаты жоғалып, қажауы қалыңдайды.

Үш жасар жылқы. Қасқа тістері сүйек тіске айналып, толық өседі.

Төрт жасар жылқы. Ішкі тістері сүйек тіске ауысады және толық өсіп, бітеді.

Бес жасар жылқы. Шеткі тістері сүйек тіске айналады және ат азуы (сояу тіс) толық шығады.

Алты жасар жылқы. Астыңғы шөп жұларындағы ортаңғы екі тісінің мөрі толық айқындалады және құлын тісі түседі де, соңғы 4 тісі қайтадан шығып, асты-үстінде 6х6-дан 12 тіс толықтанады. Бұны «тілдігін баспаған жылқы» дейді. Тілдігін баспаған жылқының барлық тісінде мөр мөлдіреп тұрады.

Жеті жасар жылқы. Астыңғы шөп жұларындағы ішкі екі тісінің мөрі толық айқындалады. Барлық тіс мөрленеді. Бірақ үстіңгі қасқа тістің мөрі өше бастайды.

Сегіз жасар жылқы. Астыңғы шөп жұларындағы шеткі екі тісінің мөрі толық айқындалады. Ішкі екі тістің мөрі өшкіндей бастайды.

Тоғыз жасар жылқы. Астыңғы шеткі екі тісінің қажауы шеңберленеді. Үстіңгі маңдай тістердің барлық мөрі өшіп майдаланады. Бұны «тілдігін басқан жылқы» дейді. Осы кезде жылқының алқым азуы толады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 106 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: