13:01
Атбегілік арналары

САЯТ АТЫНЫҢ СЫНЫ МЕН БАБЫ

Саят аты мен бүркіттің үйлесімі

Саятшылық кезінде саят аты мен бүркіттің үйлесімі болмаса аң аулау мүмкін болмайды. Яғни ат пен қыранның бір-біріне бауыр басуы. Нақтырақ айтқанда, бүркітті балдақтап аттың үстіне алып жүргенде және ол ұшып-қонғанда ат үрікпеуі қажет. Сондай-ақ алыстан қызыл көрген құс құсбегінің қолына өзі келіп қонған жағдайда аттың да соған бейімі болғаны дұрыс.

Екіншіден, құстың атқа үйренуі аса маңызды. Яғни бүркіт саят кезінде аттың үстінде тыныш отыруы, шақырған жағдайда өзі кеіп қолға қонуы, аттың әртүрлі (желіс, шабыс, аяң, т.б.) жүрісіне көндігуі қажет.

Жалпылай алғанда, саят аты жуас кең мінезді болғанымен шабан-шобыр болмауы керек. Шабан ат аңшыны шаршатады. Ал әрі жүрде, әрі жуас жылқы көп кездесе бермейді. Кездескеннің өзінде құспен үйлеспесе қиын. Сондықтан қазақ құсбегілері саят аты мен қырн құсты бір-біріне бауыр бастыру үшін арнайы айла-тәсіл қолданған. Мысалы:

  • Саятшылыққа арнайы баптаған ат бұрын-соңды бүркіт алып жүрмеген облса, оны ұстап алып, үйдің маңына аяғына шідер салып арқандайды.
  • Арқандаулы тұрған аттың қасына бүркітті тұғырымен қоса қондырып қояды. Қықсасы, атқа құсты көрсетеді. Қасына бүркіт келіп қонғанда ат үрке ме, жоқ па соны қатты қадағалайды. Бүркіт жалпылдап қанат жайғанда ат бірден шошынып үріксе, бұл ат ешқашан көндікпейді деген сөз. Сол себепті бүркітті әкелгенде артық қимыл жасаудан сақтанған абзал.
  • Егер ат үркіп, аз-маз секемденсе, бүркітті алысырақ апарып қондырады. Ат оған бауыр басқанға дейін (үрікпей үйренгенге дейін) сол жерден қозғамайды.
  • Аттың бүркітке бойы үйрене бастағанда, құсты да жақындатып қондырады. Осылай күн сайын жақындата береді. Ақырында қасына алып келіп ұстайды. Осы істі бірнеше күн, тіпті бірнеше апта қайталайды.
  • Ат құсты қасныа жақындатқаннан кейін бүркітті атың қасына отырғызып қойып, аяғына шідер салып (кенет шошынып үркіп кетпеу үшін) ерттейді. Одан кейін бүркітті қолға көтеріп ердің үстіне қондырып, қайтадан түсіріп, байқайды. Бұл әдісті атты шошындырмай үш-төрт күн қайталайды.
  • Төртінші күні құсбегі бүркітті қолға ұстаған күйі атқа отырады, қайта түседі. Бірақ жүрмейді. Ескеретін жағдай: алғаш рет атқа мінгенде бүркіттің қанат-құйрығын аттың көз-басына тигізбеген дұрыс. Құстың қанат-құйрығына үйренбеген жылқы бір шошынса, екінші қайта ешқашан көндікпейді. Осы әдісті жалықпай қатарынан үш күн қайталайды.
  • Егер аттың бойы үйренбей жаттықпаса, жоғарыдағы әдіс-тәсілдерді ұзақ уақыт, яғни аттың бойы үйренгенге дейін қайталай беру қажет.
  • Ат бүркітке толық үйренбей саятқа шығу қатерлі.
  • Саят кезінде бүркіт ұшып-қонғанда қанат-құйрығы аттың көзіне тимеуін қадағалаған жөн. Әбден дағдыланған кәнігі жылқылар бүркіт ұшып-қонғанда құлағын жымып, басын өзі қорғайды.
  • Жоғарыдағыдай атты бүркітке жуасытқан соң, бүркітті атқа жуасыту керек. Яғни құсты аттың жүріс ырғағына үйрету керек. Ол үшін жайшылық кезде бүркітті атқа алып жүріп жаттықтырады. Аттың жүрісіне үйренген құс тыныш отырады.
  • Ат пен бүркіт бір-біріне толық үйлескен соң аң аулауға шығуға болады.
 
 

жиған-терген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 149 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: