19:39 Атбегілік арналары | ||
КӨКПАР АТЫНЫҢ СЫНЫ МЕН БАБЫ Көкпардың аты Көкпар аттары екіге бөлінеді. Жазда, құмда шабылатын және қыста шабылатын. Кейінгі кезде, көбінесе, соңғы мезгілі дұрыс деп табылып жүр. Себебі, тойдың көбі күзде, қыста, ел адамдарының қолы босап, жер кеңігенде өтеді. Яғни көкпаршы жігіттердің білек қарымының сыртында астындағы аты өте көп рөл ойнайды. Көкпарға мінетін аттың ерекшелігі: еті мығым, сүйегі мықты, кеуделі, омыраулы, екпіні қатты, жылдам һәм жүйрік, көкпарды жерден іліп алуға икемделгіш, ақылды, текті жылқы таңдап алынады. Жануарды (жылқыны) көкпар үшін арнайы баптап, үйретеді және көкпардың алдында етін қатырып жаратады. Семіз немесе арық ат көкпарға жарамайды. Семіз жылқы додаға түскенде қызылмайланып, еті жінігіп кетеді де, алқынып тұрып қалады. Арық ат тез болдырады. жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||
|
Всего комментариев: 0 | |