06:24 Атбегілік арналары | ||
ЖҮЙРІК ЖЫЛҚЫНЫҢ СИПАТТАРЫ ТҮЛКІ СИПАТТЫ ЖҮЙРІК Сауыры, шоқтығы, желкесі бір сызық бойында тегіс орналасқан, басы шағын, аздап сопақша, кеңсірігі түзу, құлағы кішкентай және тік, көз жанары өткір, тұмсығы доғал, жалпақ маңдайлы, қаз мойын, дөңгелек езу, желке жалы түзу, кеуде еті жұқа, жалы сұйық, арқасы кереқарыс, жаңбырлағында терең ойықшасы бар, қабырғасықысқа, бірақ иінді. Сегізкөзі артына қарай созыңқы, шолақ сауырлы, құйрық сүйегі артқы етімен қабысулы, жал-құйрығының қылы қалың. Құйрығының құндыздығы (түбі) жуан, ұшы жіңішке.
БӨКЕН СИПАТТЫ ЖҮЙРІК Жай тұрғанда басын еңкіш ұстайды, ал, негізі тұрқы осындағы қоян сипатты жүйрікке ұқсас. Бірақ, желке жалы ұйысқан қалың, шоқтық бітімі шодырлы. Төртсирағы сіңірлі, жүрісі қаттылау болады,денесі майсыз қара етті болып келеді. Маңдайы жазық, танауы ұзын, жайын езу, қос құлағының түбі бекем, әрі арасы алшақ. Егер, бұл жылқының құлақтары жақын орналасқан жағдайда, тұрқы да жатаған болып келеді де, ал, құлақ арасы алшақ болса, тұрқы тіктеліп тұрады. Шықшыты кең, бөкен басты болады. Басқа жүйріктерден айырмасы осы.
ЕЛІК СИПАТТЫ ЖҮЙРІК Басын үнемі көтеріп ұстайды, бауыздауы тар, шүйдесі ойпаң, жалы сұйық, ақ шеміршегі (кеңірдегі) жұмсақ, жалы, құйрығы, шоқтығы сұйық, омырау етітүйнекті келеді. Қабырға иіні қалыпты, жаясы бүкір, бүйірі төртбақ әрі көлемді. Бүйірі мен қоңдық арасы алшақ. Төрт аяғы тегіс, түзу. Жай тұрғанда сауырын бүгіп, төрт тұяғын астына жинап тұрады. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||
|
Всего комментариев: 0 | |