00:38
Атбегілік арналары

ЖҮЙРІК ЖЫЛҚЫНЫҢ СИПАТТАРЫ

БҰЛАН СИПАТТЫ ЖҮЙРІК

Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым лкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет-жеңді, жалы қалың. Жалпы дене тұрқы сыптығыр болғанымен, қабырғасы жуан, бүйірі тоқ. Төрт аяғы денесіне сай келген, жай тұрғанда шоқтығын сауырынан биік ұстайды, мінезі жайлы болып келеді.

 

АРЫСТАН СИПАТТЫ ЖҮЙРІК

Жалпы бітімі тұлғалы, жанынан қарағанда бүкірлеу, қабырғасы жуан, мінезі кең, мініске жарамды, жүрісі жайлы. Жай тұрғанда тұтас денесімен алдыға қарай ұмсына созылып, үстел сияқты теп-тегіс орнында шұлғып тұрады. Басының сүйірлігі шапқанда жел жаруға қолайлы әрі аң сияқты тым иіс сезгіш қабілетке ие. Бұлшық еттері қатты, буындары өте мықты, төрт тұяғының қыры өткір, жон терісі қалың, қолтық-шап терісі жұқа болады.

 

ТҮЛКІ СИПАТТЫ ЖҮЙРІК

Сауыры, шоқтығы, желкесі бір сызық бойыда тегіс орналасқан, басы шағын, аздап сопақша, кеңсірігі түзу, құлағы кішкентай және тік, көз жанары өткір, тұмсығы доғал, жалпақ маңдайлы, қаз мойын, дөңгелек езу, желке жалы түзу, кеуде еті жұқа, жалы сұйық, арқасы кереқарыс, жаңбырлығында терең ойықшасы бар, қабырғасы қысқа, бірақ иінді. Сегізкөзі артына қарай созыңқы, шолақ сауырлы, құйрық сүйегі артқы сан етімен қабысулы, жал-құйрығының қылы қалың. Құйрығының құндыздығы (түбі) жуан, ұшы – жіңішке.

 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 280 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: