09:29
Аспанға қараймын...

ҮШАРҚАР-ТАРАЗЫ

Таразы туса таң суыр  

Маусымды шаруа үстінде, түнгі жұмыстарда жұрт Үшарқар-Таразының аспандағы орнын, туып-бататын мезгілдерін, жүретін жолын белгіледі.

Жл мезгілдерін айнытпа         білдіретін жұлдыз. Астрономдар да дәл уақытты жұлдыз бойынша анықтайды. Жұлдыз қуып айдамасаң, жұлдыздай дән ала алмайсың деп тәжірибе еткен диқандар. Бұл мезгілін өткізбей егінді дер кезінде ек деген сөз. Жеріне, ауа райына қарай әрбір дақылдың егілетін, пісетін шақтары әр қилы. Мысалы, «Таразы туғанда тары піседі» деген мақалды Қазақстаннның көп жерінде айтады.

- Таразы тумай таудан Сырға түспейміз. Қой күзетіп жүргенде күзге қарай Үшарқар туа таң ататын. Суытқан атты Таразы туа отқа қояды. Күздігүні таңға жуық Шідер жұлдыз төбеге өрлеп келгенде сары жел тұрады. Сонда тұрып, күрек тастап егінді ұшыра бастайтынбыз. Күздігүні Таразы көтеріліп қалыпты деп бие қосақтаймыз.

Міне, еңбектің әр түріне байланысты Үшарқар-Таразымен ел арасында қалай пайдаланғанның үлгілері осылар. Шілденің аяқ кезінде Үшарқар-Таразының алғаш (көктемдегі «жатып» қалғаннан кейінгі) таң жарығында көрініп көкке «шығу» қарсаңы табиғат құбылыстарындағы бір елеулі кезең. Бұл әлі жаздың орта шені болғанмен түнге аздап қосылды (жазғы күн тоқырау 22 маусым), сондықтан таңға жақын ауада салқын леп сезіледі. Егін қаулап көтеріліп, шөпке шырын бітеді. Мал шелдене бастайды. Таразы Үркерден кейін 40 күн шілденің (жаздың) нағыз белбасарында (ортасында) туады. Таразы туғанда таң суиды, мал тыпыршып тұрады, бойдағы оңалады.

Мынадай бір жәйт бар. Үшарқар батқан кезде арқарлар, киіктер маталады деп көп айтады. Ал енді қайсыбіреулер Үшарқар көтерілгенде арқар үйірге түседі десе, бұл алғашқылардың сөзіне қайшы деп таласуға болмайды. Мұның екеуі де жылдың айрықша шағы: желтоқсанның басы қарсаңында Үшарқар ел жатқанша көтеріліп қалады да, таң ата батады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: