10:16
Аспанға қараймын...

БОСАҒА

Күннің бататын жағында төрт

Жұлдыз екі-екіден босаға болып

тұрады. Содан Босаға аталған.

Ел аузынан

Қайта айналып көргенше

Қош аман бол, алтын босағам!

Қоштасы жырынан

Босаға батып кетеді, бие құлындап қалады  

Жылқы өсіру шаруашылығындағы ерекшеліктерімен байланысты Босаға жұлдызының малшылар үшін маңызы күшті болды. Қарамал көп біткен жерлердің бірі Қорғалжын, Жаңаарқа аудандары. Босаға әңгімесні сонда туып-өсіп, көз ашқаннан мал күтумен өмір шеккендердің сөзінен бастайық.

- Жылқыны көкқасқа бетеге жақсы семіртеді. Жылқы тарлауды ұнатып жейді. Қатар аққан екі өзеннің – Жақсы Көң мен Жаман Көңнің бойында, Қарақойын-Қашырлыда көбік қар ғана түседі де, қыс бойы қара жатады. Былай да, былай да ара күндік кететін осы атырап Атбасар мен Қараөткелді малының жайылымы. Ол жерлерді Асан ата:

Шіркін, Қарақойын-Қашырлы-ай, Жылқының құлағы тұтанып, шығып тұр екен, Тайы құлындп, тайлағы боталайтын же екен, - деп түйіпті.

Ол тұста көк иірім көлдер де көп, Тоғанастың тоқсан көлі деп содан аталған (Тоғанас деген батыр болған).

- Жылқымен бірге жасап келеміз. Жусау жылқының еншісіне тиген демалысы. Ол аш болсын, тоқ болсын, бәрібір, іңірде, таң алдында жусайды. Бие ескіше наурыздан, яғни осы күнгіше наурыздың ортасынан бастап, сәуір, мамырда да құлындай береді. Сонда ол таң жусауы мен іңір жусауында құлындайды. Күзетке аттанарымызда наурыз желін айы, енді сақ болыңдар деп қатты тапсырады. Қазақтың ұстаған тәжірибесі жұлдыз. Босаға ата жолдасымыз секілді белгілі. Босаға мынадай төрт жұлдыз, өзім суретін салып берейін деп хат білмесе де, айтушы қарындашты ала сала Босағаның әкпіш тәрізді нобайын келтіріп сурет салды.

- Жазғытұрым Босағаның екеуі бұрын бататындай болып былай жоғары туады, бірақ айналып барып ана кейінгүі екеуі озып кетеді, ал алғашқы екеуі намаздыгерлікте жоғары тұрады. Анау екеуі батып кеткенде, таң сарғайып атып қалады, жылқы өріп кетеді, бие құлындап қалады.

- Босаға батқан соң-ақ таң сарғайып келеді, ал енді мал өреді деп атқа міне бастаймыз. Босаға біздің сағатымыз секілді. Сонда Босағаның жоғарғы тұрған екеуі бұрын батады, ал кейінгі екеуі шегіне береді. Ол айнала береді, өзі астымен (іргелеп) қозғалғандай болады. Аралары өзгермейді...

Бұл – қызыл іңірден бастап таң сызып атқанша Босаға жұлдыздарының күрделі қозғалысын із өкшесіне түсіп, көз жазбай байқаған адамдардың сөзі. Босағаның төрт жұлдызының бұл қызық қозғалысын түсіну үшін ең оңайы аспанға қарау керек. Бірақ оған аспанның жылжымалы картасын айналдырып көріп те илануға болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: