22:28 Адал ас хақында | |
ХАЛАЛ мен ХАРАМҒА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ПРИНЦИПТЕР Харамға алып баратын себептер де – харам Ислам діні пендені тыйым салынған істерге (харам) алып баратын себептерге де тыйым салу арқылы кісінің харамнан ұзақ болуын қамтамасыз етті. Мәселен, зинаның харам екендігі айтылған аятта: «Зинаға жақындамаңдар» (Исра,32) деп тек зинаны жасамау емес, кісіні зинаға итермелейтін бөгде әйелмен оңаша қалу, әпсіқұмарлық секілді әрекеттерге де жақындамауды ескертіп отыр. Сонымен қатар Алла елшісі ішімдік ішудің харам екендігін айтумен қатар оны жасау мен жасату, тасу мен тасыту, сату мен сатқызу, одан түскен пайданы қолдану секілді әрекеттер де Алланың ашуын келтіретіндігін ескерткен. Усул ғалымдары діни үкімдерді мақсатына қарай және себептерге қарай деп екігее бөліп қарастырады. Себептердің үкімін түсіндіру барысында былай дейді: «Себептер қандай мақсатқа жұмыс істесе, соның үкімін алады». Осы қағидаға байланысты намаз, жаназа және туысты қатынас секілді құлшылықтарды атқару мақсатында сапарға шыққан кісінің сапары да құлшылық болып есептеледі. Дәл сол секілді ішімдік ішу немесе ұрлық жасау секілді харам істі жасау мақсатында сапарға шыққан кісінің сапары харам болып есептеледі. Өйткені мұндай адамның әрбір қадамы оны харамға жақындатады. Фарғи дәлелдерге жататын садду әз-зараи дәлелі де негізінде осы қағидаға негізделеді. Өйткені асылында мубах болып есептелетін іс-әрекет қатғи немесе занни бір харамға жетелесе, садду әз-зараи дәлеліне сүйене отырып бұған тыйым салынады. Басқаша айтар болсақ, бүлікке, жамандыққа алып бару ықтималы жоғары болған дұрыс істер дұрыс емес істер болып саналады. Мүшріктердің шектен шығып Аллаға тіл тигізіп қоймаулары үшін олардың Алладан басқа сиынған тәңірлеріне тіл тигізуге тыйым салынуы (Әнгам,108), мүмін әйелдердің жасырын әшекейлері мен сымбат-көріктеріне бөтен ер кісілердің назарын аударатын және олардың құмарын оятатын әрекеттерге бармауын (Нұр,31), ерлі-зайыптылардың әурет жерлерінің көрініп қалмауы үшін қоластыларындағы құлдары мен қызметшілеріне және араларындағы балиғатқа толмаған жас балалар үшін белгілі бір уақыттарда жеке бөлмелеріне кіру үшін рұқсат сұраулары (Нұр,58), жұма намазынан тосатындықтан, жұма уақытында сауда жасауға тыйым салуы (Жұма,9), бірқатар қауіп-қатерлердің туындауынан сақтану мақсатында әйелдердің жалғыз (ері немесе туыс ер адамдарсыз) сапарға шығуларына тыйым салуы секілді Құран мен сүннетте сәдду әз-зәраи дәлелін қуаттайтын насс жеткілікті. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
