23:37 Адал ас хақында | |
ХАЛАЛ мен ХАРАМҒА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ПРИНЦИПТЕР Ислам дінінің хала еткен және харам еткен нәрселері тек ас-сумен шектелмейтіні анық. Киім-кешек, әшекей бұйымдары, ойын-сауық, отбасылық өмір, қоғам мен экономика секілді өмірдің түрлі салаларына қатысты тыйымдар да осының ішінекіреді. Соншама қағидалар мен принциптер Исламдағы барша харам мен халал нәрселерге қатысты болғанымен, тағам мен азық-түлік те соның ішіне кіреді. Сондықтан бұдан былайғы келтірген зерттеулер мен ижтиһадтарды зерделеуде ас-су, ішіп-жем мәселесін назарда ұстау қажет болады.
Шариғаттың негізгі рұқсат үкімінде Қандай да бір нәрсенің немесе іс-әрекеттің мубах екендігін екі жол арқыы анықтаймыз. Бірі – ибаха шарғия, екіншісі – ибаха аслия. Ибаха шарғия Алла тағаланың білдіруі арқылы бекітіледі және оны жасап-жасамау турасында мукәлләфқа таңдау еркі қалдырылады. Ал ибаха аслия болса ешқандай бір тыйым салынбаған нәрселерге айтылады. Мұндай мубах істер үшін пенде сұралмайды. Себебі май, ішімдік және жабайы есектің үкімін сұрағанда Алла елшісі былай жауап берген: «Халал – Алланың кітабында халал еткені, харам – Алланың кітабында харам еткені. Ал (үкімін) айтпаған, ндемеген мәселелерінде (айып жоқ)». Тақырыппен байланысты тағы бір риуаят бар. «Алла тағала кейбір нәрселерді парыз етті, оған ықтият болыңдар. Кейбір нәрсенің шегін көрсетті, шектен шықпаңдар. Ал кейбір нәрселерді харам етті, одан сақтаныңдар. Сондай-ақ, сендерге рақымшылық жасап кейбір нәрсенің үкімін айтпады, оны қазбаламаңдар». Ибаха аслия қағидасына «Ол – жердегі (яғни, жердің асты-үстіндегі) бүкіл нәрсені сендер үшін жаратты» («Бақара» сүресі, 29-аят) аяты дәлел болады. Осылайша адам баласының жер бетіндегі жаратылған нәрселерден пайдалануына шариғат тұрғысынан рұқсат екендігі белгілі болады. Басқа қырынан қарағанда, аятқа мұқият үңілер болсақ, Ұлы Жаратушының пенделерге жасаған кеңшілігі мен жақсылығын көреміз. Харам мен нәжіс нәрселерді пайдалану халал болмағандықтан оны біз жақсыға жатқыза алмаймыз. Демек, қандай да бір дәлел келмейінше жер бетіндегі нығметтердің бәрі мубах болып есептеледі. «Тәфсиру әл-Мәнар» кітабының авторы Рашид Ризаның айтуынша, бұл жердегі мәкруһ ішіп-жеу, кию, емделу, міну және әшекей ретінде тұтынатын заттарды меңзейді. Құран кәрімде аталмыш аяттағы ақиқатты қуаттайтын басқа да аяттар жетерлік. Мысалы, Сондай-ақ, Ол күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрін Өзінің шексіз шарапатымен сендерге бағынышты қылды» («Жасия» сүресі, 13-аят), «(Уа, адамдар!) Алланың күллі аспан әлеміндегілер мен жердегінің бәрін өздеріне бағынышты етіп қойғанын, сондай-ақ сендерді Өзінің жария һәм жасырын (заттық әрі рухани) мұншама нығметке кенетлкенін көрмеймісіңдер?!» («Лұқман» сүресі, 20-аят). Насста үкімі баяндалмаған мәселелердің ибаха аслия қағидасына орай халал екендігі айтылса да, жоғарыдағы аяттар тұрғысынан қарайтын болсақ, ондай мәселелер ибаха шарғия тұрғысынан халал екендігін көріп отырмыз. Өйткені Ұлы Жаратушыжер бетіндегі барлық нәрсені құлдары үшін жаратқанын айтқандықтан, харамнан басқаның бәрі халал не мубах болатындығы аталмыш аят арқылы нақтылана түседі. Ибаха аслия принципі тек белгілі бір заттарға ғана қатысты деп ойлау қате. Керісінше, құлшылықтарға қатысы болмаған муамалатқа жататын іс-әрекеттер де осы қағиданың аясына кіреді. Өйткені Ұлы Жаратушы: «Алла сендерге жеуді харам еткен нәрселерін ашық баяндап, егжей-тегжейлі түсіндірді» («Әнғам» сүресі, 119-аят) аяты арқылы құлдарына харам еткен барлық нәрсені баяндағанын білдіруде. Сондықтан харам етілген істерден өзге нәрселердің барлығы мубах үкімінде болады. Ал құлшылықтарға келер болсақ, олар уахи арқылы бекітілгендіктен, олар жайлы жорамал жасау дұрыс емес. Қалай бар болса, солай жүзеге асыру – біздің міндетіміз. Яғни, ғибадаттардың уақыты, орнын және атқарылу кейпін белгілеу – уахидың еншісіндегі дүние. бұған пенде араласа алмайды. бұған қоса, муамалат саласындағы неке ибаха аслияға кірмейді. себебі «Некеде негізгі нәрсе – харамдық» қағидасы бар. Кейбір ғалымдар халал болуы үшін бірқатар шарттарды жүзеге асыру қажет болатын басқа да іс-әрекеттерде негізгі нәрсе харамдық екенін айтады. Мәселен, қандай да бір малдың адал болуы үшін оны бауыздаудың бірқатар шарттары орындалуы себепті «Бауыздалған малдың желінуінде негізгі нәрсе – харамдық» қағидасы келтіріледі. Әсіресе, фақиһтар кейбірі «Зиян беру және зиянға зиянмен жауап беру жоқ» хадисін дәлел ете отырып «Пайдалы нәрселерде негізгі нәрсе – мубах. Зиянды нәрселерде негізгі нәрсе – харамдық» қағидасымен зиянды нәрселерді де ибаха аслия принципінің тысына шығарған. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
