20:42
Адал ас хақында

АЗЫҚ-ТҮЛІК

Азық-түлік, тамақ, ас-ауқат – барлық тіршілік иелерінің өмір сүруін жалғастыратын ішіп-жеуге жаайтын қатты немесе сұйық зат.

Имам Ғазалидің айтуынша, жер бетіндегі азық-түлік атаулының бәрі мына үш нәрседен алынады: минералдар, өсімдіктер және жануарлар. Минералдар – бейорганикалық, ал өсімдіктер мен жануарлар – органикалық, яғни жанды тіршілік иесіне жатады. Исламда өсімдіктер мен жануарларға қатысты үкімдер анық айтылған. Ал минералдар жайлы мұндай нақты үкім жоқ. Минералдарға адамның ақылына және ағзасына зиянды не пайдалы болуына қарай үкім беріледі.

Бүгінгі таңда азық-түліктердің ет және ет өнімдері, үт және сүт өнімдері, ұннан жасалған тағамдар, майлар, тәтті тағамдар, бұршақ тектес тағамдар, көкөніс, жеміс-жидектер, жаңғақ, дәмдеуіштер, сусындар т.б. түрлері күнделікті қолданыста. Бүгінгі таңдағы дамыған жаңа технологияның себебінен тағамның түрлері көбейіп, оның құрамына көптеген қоспалар қосылатын болды. Негізінде, тағамның түрі қанша жерден шектеулі болғанымен, дамыған технология мен әртүрлі қоспалар арқылы бұрын біз білмеген неше түрлі тағамдар пайда болды. Нәтижеде, мейлі табиғи болсын, мейлі жасанды болсын, әйтеуір жеп, ішуге жарайтын нәрсенің бәріне тағам есімі қолданылатын болды.

Асылында, көздегеніміз – адам баласының қорегі болып жүрген ішетін, жейтін нәрселер.

Ал «адал ас» сөзін қолданғанымызда шариғи тұрғыдан ешқандай тыйым салынбаған тағамдарды меңзедік.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: