16:57 Адал ас хақында | |
ХАРАМ Ислам дінінде қандай да бір әрекет немесе зат мынадай жолдар арқылы хаам үкіміне кіреді: 1. Құран мен сүннетте харам немесе сонымен мағыналас сөз қолданылса. Мәселен, «Алла тағала сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалған малдың етін харам қылды» («Нахл» сүресі, 115-аят) аятында айтылған нәрселердің харам екендігін анық айтып отыр. 2. Насста (аят, хадис) қандай да бір нәрсенің халал не жайыз еместігі айтылса. Мысалы, «Егер ер адам әйелін (екі мәрте талақ етіп қайтарып алғаннан кейін үшінші рет және) талақ етсе, ол әйел (өз қалауымен) өзге еркекпен тұрмыс құрмайынша және (онымен де ажыраспайынша), оған адал болмайды» («Бақара» сүресі, 230-аят) аятынан үшінші рет талақ етілгеннен кейін аталмыш шарт орындалмайынша еркектің өз әйелімен қайта қосылуы харам деген үкім шығады. 3. Қандай да бір әрекетті жасаудан тыйған аят келсе. Құрандағы «Зинаға жоламаңдар!» («Исра» сүресі, 32-аят) деген аяттан зинаға жолаудың харам екендігі белгілі болады. 4. Қандай да бір әрекеттен алыс болуды меңзеген сөз келсе. Бұған мысал ретінде: «Уа, иман еткендер! Арақ-шарап (сынды адамды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу шайтанға ғана тән лас істердің қатарында. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарына жету үшін бұлардан аулақ болыңдар» («Мәида» сүресі, 90-аят) аятын келтіруге болады. 5. Қандай да бір істі жасаған адамға жаза берілетіндігін баяндаған немесе ол істі жасаған адамның қауіптен сақтандырған сөз келсе. «Нұр» сүресінің: «Ары таза әйелдерге «зина қылды» деп жала жапқаннан кейін, төрт бірдей (ер кісіні) куәға тартып, сөзін дәлелдей алмағандарға сексен дүре соғыңдар. Содан кейін олардың куәлігін әсте қабылдамаңдар. Олар адамгершіліктен безген азғындардың нақ өзі» («Нұр» сүресі, 4-аят) аятынан ары таза әйелдерге «зина жасады» деп жала жабудың харам екендігі анық болады. 6. Кейбір жағдайларда хабарлы сөйлем түрінде келген аяттарда белгілі бір тыйым мақсат етіледі. «Алла тағала арсыздықтан, жамандық атаулыдан және зұлымдықтан (яғни, біреуге зорлық-зомбылық көрсетуден, кісі ақысын жеуден) мүлдем тыяды» («Нахл» сүресі, 90-аят). Бұл аят хабарлы сөйлеммен келгенімен, ондағы айтылған мәселелерге тыйымның салынып тұрғаны анық көрініп тұр. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
