13:43 "Абай жолы" роман-дәуірнамасының қысқаша баяндалуы | |
ІІІ КІТАП / АБАЙ АҒА 1 Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен (Дәркембайдың інісі), Ербол және Баймағамбеттер келе жатты. Ат бастары осыдан жүз жыл бұрынғы бір қыз бен жігіттің моласына тірелді. Бұл Еңлік пен Кебектің молалары еді. Олардың махаббатына тосқауыл болған, аттың құйрығына байлап өлтірткен Кеңгірбай деген кісі болғанын аттылардың бірі айтып қалды. Сол сәтте Дәрмен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қос ғашыққа арнап, ерекше құран ретінде айтып өтті. Кейін Абай жас ақындардан осы қайғылы махаббат тарихын жыр (өлең) жолымен кім жазуын сұрағанда, Шұбар мен Дәрмен «мен жазамын» деп таласып қалады. Сосын Абай кім жазуын айқындау үшін қаршығаларымен дуадақ ұстап жарысуын ұсынады. Қаршығаларын олжаға жібергенде, Абай тағы бір шарт қояды. Онысы суырып салмалықпен өлең шығару. Екі шарттан да Дәрмен мүлтіксіз өтеді. Осы тұста Әбді деген Жігітек жігіті асығып келіп қалады. Оның ісі жеті бірдей ауылдың қыстық шөбін осы үшінші жылы Әзімбай (Абайдың інісі) зорлықпен шауып алып жатыр екен. Абай оны естіп, намысынан түңіледі. Ызаланады. Абай Әзімбайдың алдына Мағаш пен Дәрменді лезде жөнелтеді. Барса Әзімбай орақшыларды салып жатыр екен. Мағаш: «мені Абай жіберді, тоқтатсын» десе де, Әзімбай: «бұл Тәкежан ағамның бұйрығы» деп, соның бұйрығын қайыруын айтады. Мағаш бар жайды әкесіне хабарлауға қайтып кетеді.
2 Күздің суық кезеңі Тобықтыны баурап алғандай. Тыс суық болғанмен, қоңыр үйдің іші жылы. Әдеттегідей Абай кітапқа үңіліп отыр. Үйде тағы Ербол, Әйгерім, көрші Зылиқа бар. Осы күндері Абай көзілдірік таққан. Кейін үйге Мағаш, Кәкітай, Дәрмен кіріп келеді. Көрші ауылдан Жұман (Абайдың ағасы) және оның баласы Месқара келіп қалды. Абай оны ұната қоймайтын еді. Себебі Жұман бар ауылдарды аралап, аңдып, қай жерде мал сойылып, ет асылып жатса, сол жерге жетіп келетін. Бүгін сол Абайдың үйінде ет асылып жатыр. Ел ішінде Базаралы айдаудан қашып, ауылға келе жатыр деген сөз тарапты. Абай оны естіп қуанады да, қасында отырған бірнеше жастарды Семейге жіберіп, Базаралыны күтіп алуын айтты.
3 Базаралының биыл қашқаны Шыңғыстың болысы Бөкеншіден шыққан Күнту болғандығынан еді. Жылда патша үкіметіне жиналатын салықтан басқа, "қарашығын" деген салық шығыпты. Ұлықтар мен болыстар алатын салық екен. Биылғы жиылған қарашығынды түгел Ырғызбай алып қойған. Соған ызаланған басқа рулардың жеті байы кек алуға Кеңгірбай бабасының моласының қасына барып серттесті. Олар Сақ-Тоғалақтың атқамінері - Оразбай, Көтібақтан - Жиренше, Бөкеншіден - Күнту, Есболаттан - Абыралы, Жігітектен - Бейсенбі, Жуантаяқтан - Байғұлақ, Топайдан - Байділдә екен. Бір-екі айдан кейін сайлау болады. Серттескендер сайлауға дейін елубасыларды өздеріне қаратуды ойлай бастайды. Онысы да жүзеге асады. Уақыты кеп Семей оязы Казанцев келіп сайлауды өткізеді. Қатысқан елу қолбасының жиырма бірі ғана Оспанға дауыс берген. Қалғаны Күнтуға дауыс беріп, жеңіп кетті. Сайлаудың осындай өтетінін ешбір Ырғызбай ойламаған еді.
4 Күнту болыс болғанын естіген кезде, қашып келген Базаралы Семейге енді тақаған болыпты. Қалада Жиренше, Оразбай, Абыралы, Күнтулар болыстықты тойлап жатты. Базаралы сол жерге келіп қонады. Барлығы Құнанбай балаларын жамандағаннан басқа ештеңе айтпайды. Көп өтпей осы пәтерге Абай жіберген жастар келіп қалады. Ербол, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаштар Базаралымен құшақтаса Абайдың ыстық лебізін айтады. Құнанбайды айтып, жөн сұрайды. Қызу әңгіме үстінде Көкбай Абайдың жаңа әндерін шырқай жөнеледі. Жөн сұрасып Ерболдар қайтып кетті. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |