20:51 Абай тағылымы | |
ДАНЫШПАН АҚЫН «Тұс-тұсынан жау қысып, мал мен басқа дау түсіп, дағдарып қазақ сасқан соң, орысқа келіп бағынды... Бұрынғы дәурен көзден бір-бір ұшты... Енді партия, барымта өтірік, ұрлық – не түрлі әрекет керней бастады. Сөз сыбырға, іс жыбырға айналды. Береке кетіп, азды, тозды. Сол кезде қалың надан, қара тұманды қақ жарып, тас жарып шыққан бұлақтай жарқ етіп Абай туды. Ақылды, дана, рақымды, әділ, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықпен алысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған, ақындық, сыншылдық бірдей дарыған Абай еді» (Ж.Аймауытов). «Абай тар заманда «соқтыпалы, соқпақсыз жерде» халықтың игілікті ісіне қарсы топппен жалғыз алысып, халқының көшін жаңа жолға – мәдениет, өнер-білім жолына бастады. Абай қазақ елінің дәл бүгінгідей, ерікті, берекелі, бірлікті, күшті, мәдениетті, бай, бақытты ел болуын көкседі... Абай қазақтың жаңа әдебиетін – мағынасы терең, тілі орамды, өрнегі шебер, кестесі көркем әдебиетін жасады. Шын мағынасында, өлең өнерін жасады... Абай халқына «іші алтын, сырты күміс» өлең қазынасын, мәңгі өлместей асыл сөз қазынасын қалдырды... Абай өз халқын мейлінше сүйді. Сол өз халқын сүю арқылы онымен тілек-арманы, тарихи тағдыры бір халықтарды сүйді... Абай – халқының шын ұлы. Ол өмір бойы халқының қайғы-шерін жазып, мерейін көтеру жолында қызмет етті... Абай – қазақ халқының ұлы классик ақыны, үлкен ойшылы, зор әлеумет қайраткері» (М.Әуезов, Б.Кенжебаев). баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
