18:26
Абай тағылымы

ДАНЫШПАН АҚЫН

Халқының ауыр жағдайы ақын жүрегін мазалайды; жүрекке салмақ түскенде, өзін сабырға шақырып, жан сырын қаламымен тербетіп, ақ қғазға жайып салады:

Сап, сап, көңілім, сап көңілім!

Саяламай сай таппай,

Не күнтуды басыңа

Күні-түні жай таппай?..

Сап, сап, көңілім, сап көңілім!

Сабыр түбі – сары алтын.

Сабыр қылсаң жайыңды

Білер ме екен, бекзатым?..

Сап, сап, көңілім, сап көңілім!

Сарқа берме санасын.

Бәрін өзің білсең де,

Әлі-ақ өзің танасың,

Өртенесің, жанасың, -

деп, ақын өзін-өзі сабырға шақырады. Өйткені:

«Сабыр!

Сабыр!

Бәріне Сабыр!

Жазықсыз жаның көрсе де жәбір.

Өзіңді патша сезінгеніңмен,

Сынақта жүрген пендесің қазір.

Тағы да Сабыр!

Сабыр ет-тағы!

Сынақ деп бәрін қабыл ет-тағы.

Ешкімде ақың қалып кетпейді,

Алла бар, түбі әділет – қазы!

Ерік бермеші, жаным, жасыңа,

Зұлмат шақырар зарың басыңа.

Сынақта жүрген жалғыз сен емес,

Кетпесін суға салың да, сірә!

Жалында!

Жаның барында шыда,

Уайымға, сірә, салыбнашы да!

Адам шешпейді Алланың ісін,

Айтпашы досқа халіңжі ашына.

Үмітке толы таңды ұмытпа,

Жылжи бер алға жанды жылыт та!

Сұраған жанға Сабыр беретін,

Мадақта Хақты!

Мәңгілік ұлықта!» (Санжар Ғұлама. Сабыр! / «Фейсбук»)

Күйініш, толғаныс үстіндегі ақынның аласұрған жан күйі мына бір жолдарда анық көрініс берген:

«Әм жабықтым, әм жалықтым,

Сүйеу болар қай жігіт,

Көңілден кеткен соң тыным?

Әм сүйіндім, әм түңілдім,

Өткен соң, бар жақсы жылым?»

* * *

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,

Ашуың – ашыған у, ойың кермек.

Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,

Кім көңілді көтеріп, болады ермек?»

* * *

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда.

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда».

* * *

«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,

Өткіздік бір нәрсеге болмай жетік.

Ойшылдың мен де санды бірімін деп,

Талап, ойсыз, мақтанды қалдым күтіп».

* * *

«Ішім өлген, сыртым сау,

Көрінгенге деймін-ау.

Бүгінгі дос – ертең жау,

Мен не қылдым, япырым-ау?»

* * *

«Қор болды жаным,

Сенсіз де менің күнім,

Бек бітті халім,

Тағдырдан келген зұлым.

Тағдыр етсе Алла,

Не көрмейді пәндә?»

* * *

«Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?

Босқа әуре қылмай, шынынды айт.

Шарқ ұрып тыныштық бермейсің,

Сырласалық, бермен қайт». (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: