22:51 Абай тағылымы | |
АБАЙДЫҢ ТАНЫЛУЫ Т.Жұртбай: «Өйткені ол – біздің Ұлтымыздың Дүниеге атын таратқан қайталанбайтын Данамыз. Біз сол Абай арқылы Әлем халқының алдында өзіміздің Ұлт ретінде өмір сүруге хақымыз бар екендігін дәлелдедік... Біз мұндай әлемдік Сананың салтанатына Абай арқылы қатысып отырмыз. Яғни қазақ ұлтының дүниежүзілік Парасат майданына шығарған ұлы Тұлғасы – Абай. Абай – ұлттық ар-ожданымыз. Әрбір қазақтың жүрегінде өзінің абайының бейнесі сақталуы тиіс... Абай – қазақ халқының ар-ожданы, ұлттық мақтанышы және намысы. Ол – тек қана қазақ халқының тегін тектегенде ғана қасиеті артатын ұлы тұлға емес, қадым заманынан бері көшпенділер мәдениетінің барлық болмысын бойына сіңірген жиынтық қасиет. Абай – қазақ ұлтының ұлт болып өмір сүргендігінің және ұлт ретінде өмір сүруге хұқы барлығының кепілі». С.Ақсұңқарұлы: «Абай – Алаштың Рентгені! Бәріміз де кеудемізді ашып, соның алдында тұрмыз: кеудемізде қандай өрт? Көкірегімізде нендей дерт? Соның бәрі Абайдан айнаға түскендей көрініп тұр!» Д.Амантай: «Абай – орыс ойшылы Николай Бердяев секілді діни-экзистенциалистік философияға туыс, үндес тұлға. Лев Шестов құсаған еркін категориялармен ойлайтын сыншыл данышпан. Ол – шын мәнісіндегі ойлау құралдары бар, қалыптасқан жүйелі түсініктеріне арқа сүйеген, нағыз кәсіби философ. Ойшылдық кәсібін меңгерген, ой еңбегімен айналысқан, дүниежүзілік интеллектуалдық ізденістерді, қозғалыстарды, ағымдарды орыс баспасөзі арқылы қал-қадерінше жіті бақылап отырған философ. Абай – қазақтың Күн сияқты маңдайына біткен жарық жұлдызы». баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
