09:17
Абай тағылымы

АБАЙДЫҢ ТАНЫЛУЫ

А.Ысқақов:

«Абай қазақтың замандар бойы ауызша туып, ауызша тарап, ауызша сақталып келген әдебиетін көп біліп, батыс (орыс), шығыс (түркі, парсы) әдебиеттерімен жақсы таныс болып, оларды толық игеруі арқасында өзінің дарыны мен қабілетін мазмұны да, түрі де жаңа әдебиет жасауға жұмсады, соның нәтижесінде қазақ өлеңіне неше алуан тамаша жаңа өрнектер енгізді... Абай – қазақ әдебиетіне, оның тіліне көп жаңалық енгізген, олардың дамуына жаңа жол салған, бағыт берген ұлы классик. Абай – сөздерді сұрыптап, орнына қарай шебер қолданудың, оларды бір-бірімен жүйесін тауып тіркестірудің, құрастырудың амал-тәсілдерін жақсы білген, оларға көп жаңалық, соны үлгілер қосқан асқан сөз зергері, ұлы ақын».

Ж.Ысмағұлов:

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді...

Абай жолы – хақ жолы. Ол ешқашан таусылмайды. Заман өзгерген сайын, халықтың сана-сезіміне еркіндік самалы есіп, ақыл-есі желпінген сайын, ұлы ақынның өлмес мұрасы да жаңа қырларымен ашылып, жарқырай түспек. Демек, өз жолында жаңа бір олжалар тауып, тың жемістер теруге ұмтылу Абайға қарай сапар шеккен әрбір зерттеушінің абыройлы борышы болса керек».

М.Жолдасбеков:

«Қазақ қоғамы, оның болмысы, келешегі туралы соншама толғанған, ұлтының табиғатын, жаратылысын дәл таныған, елі үшін күйіп-піскен, азапқа түсіп, қасірет шеккен, қазақтың кемшілігін жанға батырып, бүкпесіз ашық айтқан Абайдан асқан кісі болған жоқ. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» дегенді Абай жасы жетіп қартайғандықтан айтқан жоқ. Абайды жасына жетпей қартайтқан – қазақ, оның қылығы. Заман өзгерер, қоғам өзгерер, адам өзгерер, бәрібір қазақ түбінде Абайға жүгінеді, оның өсиетіне, аталы сөзіне тоқтайды.

Кемелге келмей, ақыл тоқтатпай, Абайды ұғыну мүмкін емес. Абайды оқыған сайын, көкейіңе тоқыған сайын қазақтың табиғатын аша түсесің, ой түбіне тереңдей түсесің, ел-жұртыңның тағдыры, келешегі туралы ойлана, толғана түсесің. Абай мұралары жыл мезгіліне қарай, кісінің көңіл күйіне, жасына қарай әр кезде әртүрлі әсер етеді, өзгеше ой салады.

Шынныда да, Абай – жұмбақ адам. Оның ойлары гауһардай түрленіп, әр қырынан әрқалай сәуле шашады. Көп ойларын тылсымдап кеткенге ұқсайды. Заман асқан сайын, уақыт өткен сайын тылсымның кілті табылып, Абай халқына бүгінгіден де ашыла, бүгінгіден де жақындай түсетін болады. Қазақ дертінен айығу үшін, көкейіндегісін табуы үшін Абайға жүгінуі керек. Абайға үңілген сайын бірде табынасың, бірде қамығасың, әрқалай ахуал кешесің. Заманына, дәуіріне қарай, қоғамның ауанына қарай, үнемі Абаймен сырласып отыруымыз керек. Адаспаудың бір жолы осы деп ойлаймын».

М.Мағауин:

«Қазақтың қасиетін тану Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу Абай тағылымын бағамдаудан байқалмақ. Абай – қазақ халқының тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі – халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпеген заңғар».

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 39 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 7
7 DanielStime  
0
why not find out more <a href=https://leapwalley.io/>leap wallet features</a>

6 JeffreyQuack  
0
Источник <a href=https://elliottconnie.com>kraken сайт</a>

5 Stevenbix  
0
нажмите <a href=https://elliottconnie.com>kraken онион</a>

4 MichaelAvaft  
0
посмотреть на этом сайте <a href=https://t.me/darknet_links_ru>Онион сайты</a>

3 Dewayneclelm  
0
browse around this website https://smmpanel.one/

2 Bryantnap  
0
смотреть здесь https://vpn-one.net

1 Abdulder  
0
найти это https://t.me/vpnsmmone

Имя *:
Email *:
Код *: