22:32 Абай әлемі | |
«ҚОЙДАН ҚОҢЫР, ЖЫЛҚЫДАН ТОРЫ БӘКЕҢ...» Абайдың 1894 жылы жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 6 шумақ. Әуелде ұзақ өлең екен. Қыздар қолжазбасын жалынып сұрап алып, өртеп жіберген. Бізге жеткені – өлеңнің әркімдердің ойында сақталған жеке үзінділері ғана. Қыдар – Тобықты руының Бәкең атасынан шыққан адам. ақынмен құрдастығын желеу етіп көп қалжыңдасады екен. абай Қыздардың орынды-орынсыз сол көп қалжынының қарымтасы ретінде осы өлеңді шығарған. Ақын Қыздарды сынамас бұрын аймаққа ақ-адалдығымен атағы тараған Бәкең аталатын атаның Лекер, Бітімбай, аталық, Жанқожа, Байұзақ секілді бұрынғы өткен жақсылары мен бүгінгі жайсаңдарын ауызға алып, сол қасалықты кісілерден Шотқара, Дауылбай, Досақ, Айтқожа, сен сияқтылар қалай пайда болды екен деген ренішін білдіреді. Айналаң ұры-қары, іздегенің өсек-аяң, мән-мағынасыз ыржың-қылжың, бұл мінезбен ұзаққа барармысың, байқа мырзам, «заманыңның қасиеттері бір-біріне қарма-қайшы екі топ, екі ұрпақ өкілдерінің тұлғасы елес береді. Өнегелі ісін үлгі тұтар алдыңғы ұрпақтың кейінгі ізбасарларының кісі соңына ерген күшіктей еркі мен кіілігінен айрылып, ұсақтап бара жатқанына қынжылыс білдіреді. Өлең соңында: «Менің терім тарылып келе жатыр. Бұрын кісім емес ең жалғыз шерткен» деп айбат шегеді. Бұл негізінде әзіл үшін айтылған сөз болса да, Абай мен Қыздардың арақашықтығын танытса керек. Өлең 11 буынды қара өлеңұйқасымен жазылған. Алғаш рет ақынның 1933 жылғы толық жинағында жарияланды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
