23:41 Абай әлемі | |
«ҚОРҚЫТПА МЕНІ ДАУЫЛДАН...» И.А.Бунин өлеңінің 1892-1893 ж.ж. аралығында абай аударған нұсқасы. Орысша түпнұсқасы 12 жол, қазақшасы 16 жол. Абай өз өлеңінің үш шумағында орысша түпнұсқадан көп алшақтамай, жалпы мағынасын сақтай отырып, ондағы өмір сүйгіштік, оптимистік сарынды сарынды, қиындыққа қажымай, үлкен мақсат-нысанаға ұмтылуды уағыздауды айрықша шеберлікпен жеткізеді. Мұны айқын көру үшін орысша нұсқаның сөз болып отырған шумақтарына назар салалық: «Не пугай меня грозою, Весел грохот вешних бурь. После бури над землею Светит радостней лазурь. После бури молодея В блеске новой красоты. Ароматно и пышнее Распускаются цветы. Не страшит меня напастье, Горько думать, что пройдет Жизнь без горя и счастья В суете дневных забот». Орыс ақынының бұл ой-пікірлері Абайға да жат емес. Осыған ұқсас пікірлерді Абайдың шығармаларынан жиі кездестіруге болады. Ғақлия сөздерінің бірінде Абай «Үміт үзбек – қайратсыздық» дей келіп: «Қары қалың қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» деп түйіндейтінін еске алсақ, тіпті сөзбе-сөз ұқсастық та бар екенін көреміз. Әрине, мәселе жеке сөз, сөйлемдер ұқсастығында емес, біз бұл жерде Абай өз ой-пікірлерімен жанасып, жалғас келетін, өз көңіл-күйіне үйлес, үндес өлеңдерді аударуға ұмтылатынын атап айтпақшымыз. Өлеңнің төртінші шумағында: «Сондықтан қайғы қат-қабат, Қарап тұрмын сендерге, Атасы басқа, өзі жат Жалғыз жанша жат жерде...» - деп, Абайдың орысша түпнұсқадан алшақ кетуі де сол өз көңіл-күйінің елесін көрсетуге ұмтылғандықтан туған. Өлең 7-8 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
