20:46 Абай әлемі | |
«ҚУАНБАҢДАР ЖАСТЫҚҚА...» Абайдың 1901 жылы жазған өлеңі. Көлемі 20 жол. Жастарға ғибрат айтуға бағытталған бұл өлеңін Абай Ысқақ Махмутов деген татардың немерелеріне арнап шығарған деген дерек бар. ысқақ Абай аулымен араласып тұрған. Өлеңде Абай шығармашылығына тән адамгершілік, имандылық, сабырлылық пен кемелді ой мәселелері сөз болады. Егер Абай «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңінде қазақ аулындағы жалқаулық пен арсыздықты, мантаншақтық пен парықсыздықты, еріншектік пен арамтамақтықты ашына әшкерелесе, бұл өлеңінде астарлы мысқылмен қатар өнегелі ғибрат, ақыл-кеңес мол. Арзан күлкі мен пәтуасыз бос сөзге ермей, шын байлықты бағалай білудің қажеттігі алға тартылады. Маңдай теріңді төгіп тапқан тиыныңды»сал да сақта қапшыққа» дей отырып, «сақтықта қорлық жоқ» деген халық қағидасын уағыздайды. Бұл бір жағынан Абайдың өмірден алған өз сабағы. Оны «Елу бесте біз дағы, Сенісер адам таптық па?» деп ақынның өзі де сездіреді. Шығармада Абайдың гуманистік идеясы, имандылық нысанасы көрінеді. Өлеңнің алғашқы 2 тармағы ұйқасады да одан әрі жеке шумақтарға бөлінбей –а, -б, -а, -а, -а үлгісінде өріледі. Өлең 7,8 буынды жүйеде жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
