18:23
Абай әлемі

«ҚҰЛАҚТАН КІРІП БОЙДЫ АЛАР...»

Абайдың 1897 жылы М.Ю.Лермонтовтың «Звуки» атты шығармасының сарынымен жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан тұрады. Орыс ақынының шығармасы 20 жол. Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тәржімеленіп алынғанымен, алайда жалпы алғанда Абайдың өз шығармасы. Осымен байланысты мынаны айта кету керек. Абайдың басқа да еркін аударма деп көрсетілген шығармалары, мысалы, «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?..», негізі аударма болғанымен, асылында тың шығарма. Бұлар өзгертпей берілген, тура мағынасындағы аударма емес, шығармашылық жолмен жазылған тума өлеңге айналған шығармалар. Бұл – Абай аудармаларының басты бір ерекшелігі, ұлы ақын орыс әдебиетінен шығармашылық жолмен үйренуді мақсат еткендіктен туып отыр. Абайдың «Евгений Онегин» романынан аударған өлеңдерінің көпшілігі еркін аудармалар. Сонда ақын дәлме-дәл аударуға шеберлігі жетпегендіктен осылай етіп оытрған жоқ. Оның еркін аударуы алдына қойған шығармашылық мақсатына байланысты болып отыр. Әрине, Абай шығармаларының ішінде дәлме-дәл, түпнұсқаға сай келіп отыратындары да аз емес. Мысал үшін «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз...», «Альбомға» сияқты аударма өлеңдерін атауға болады. «Құлақтан кіріп, бойды алар» - Абайдың өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шырғамасының бірі. Тақырыбы, идеясы жағынан ол ақынның «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...», «Адамның кейбір кездері...» сияқты шығармаларымен тығыз байланысты. Бұл өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы.

Өлең 7,8,9 ьуынды шалыс ұйқаспен (а, -б, -а, -б) жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: