17:00 Абай әлемі | |
«ҚҰР АЙҒАЙ БАҚЫРҒАН...» Абайдың 1896 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 2 шумақтан тұрады. Шығармада ірі-ірі төрт ой айтылған. Олар: бақырғанның бәрі ән емес, өнерден мақұрым қалу сән емес, надандар жан емес, еңбексіз бос жүру жөн емес. Яғни ән – өнер, бұл өнерден хабарсыз болу – надандық, өнер жолында ізденбеу – еңбексіздік, еңбексіздік – арамтамақтық. Абай әнді сүйген, ән – туғаннан өлгенге дейінгі адамның өмір серігі, көңіл күйінің сәулесі, жақсы ән – жан азығы деп білген. Абайды әнге үйір қауым қоршаған. Олардың ішінде биік талғам-тұшымы жоқ, бақырып, барқырап төпей беретін «әншілер» де жүрген. Өлең 6-7 буынды шалыс ұйқас түрінде өрнектелген. Алғаш рет Мүрсейіт қолжазбаларының негізінде ақынның 1933 жылы жарық көрген «Таңдамалы өлеңдерінде» жарияланды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
