22:47 Абай әлемі | |
«МАХАББАТ, ДОСТЫҚ ҚЫЛУҒА...» Абайдың 1896 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 2 шумақтан тұрады. Ақын махаббат тек нәпсіқұмарлықпен өлшенбейтінін, «бес күндік ғашық жөн еместігін», оның сөнбес жұлдыз, жеткізбес арман болса ғана мәңгілік шырақ екенін баяндайды. Алайда ақын сүйіспеншілікті терең түсініп, адамгершілік қағидаларын жоғары бағалауға кез келген жанның бәрі дайын еместігін айтады, тозбас сезім, тоқтамас жүрек жоқ деп қорытады. Махаббатты, дсотықты мәңгі қастерлеп, қасиет тұтар жан таппағанына налиды. Өлең 7,8 буынды шалыс ұйқаспен кестеленген. Түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан (1907, 1910) алынып, алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
