09:34
Абай әлемі

«МЕН БОЛАМЫН ДЕМЕҢДЕР...»

Абайдың кейін табылған өлеңі. 4 тармақты 2 шумқатан тұрады. Өлеңді 1940 жылы Қ.Мұқаметханов пен Ә.Ысқақұлы Көкбайдың баласы Ахметқалидан жазып алған. Бұл туынды ақын өмірінің аяқ кездерінде бұрын өзі сан айтқан, көп ескерткен шындықты енді ақытқ жан айғайымен білдірген ұлы мақсұт, зілді нұсқау, қара қылды қақ жарған үкімге ұқсайды. Менмендікке, жетесіз асқақтыққа, көркөріек надандыққа қарсылық байқалады. Жұртқа үйретемін, халыққа табыстаймын деген асыл ойлардың түпкі бір қорытындысы көрінеді.

Ақын жеке адамның «менін» тілге тиек етіп, соның төңірегінен ой түрткі іздейін деген талапты алдына қоймаған. Ол жай қарапайым адамның «меніне» білек сыбанып қарсы шығып отырған жоқ, оны назаландырып, сарсаңға салатын: «Бәрін мен жасап жатырмын, менің қолым, дүниені ұстап тұрған мен ғанамын» дейтін құбыжық.

Өлеңде жағымсыз кейіпкердің бейнелі мінез-құлқы: қуыс кеуде, мисыз бас, мәнсіз маңғаздық, алшаң басуға үйренген аяқтың өзінен нәрсіздік, үкідей салмақсыздық, жалғандық айқын көрінеді. Ақын осынау ойсыз паңдықты сынай отырып, тексіздерді тектілікке, тереңдікке, білімге, ғылымға шақырады. Дүниенің бар кілті ғылымда екендігіне мойын ұсындырмақ болады. Ғылымнан өзге жолға түскеннің күні қараң, адасары хақ. Байламы баянсыз, тірлігі тоқтамсыз, қадамы құтсыз, көңілі кесел. Адам ешқашан асып-тасымау керек. Асқан адам түбінде Алланың қаһарына ұшырамақ. Екі шумақ өлең осылай құран сөзіне ұқсап, көңілде жатталып ақалады. Өлең 6, 7 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: