10:20
Абай әлемі

«ОЙЛАНЫП ОЙҒА КЕТТІМ ЖҮЗ ЖЫЛҒЫ ӨТКЕН...»

Абайдың 1894 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 4 шумақтан тұрады. Туынды этнографиялық тақырыпқа жазылған. Онда ер адамның қысты күні киген киімі түгел айтылады: шидем шекпенге қабаттап тоң, ақ саннан жейде-дамбал, матамен әдіптеліп тігілген жырым балақты жарғақ шалбар, аяғында киіз байпақты былғары етік, қалтасында былғары шақпақ, оқшантайда кісе, пұшпақ тымақ ішінде тақия, тобылғыдан жасалған түйме. Тіпті олардың қайсысының нендей бұйымнан қалай тігіліп, қайтып жасалатынына дейін ашып көрсетіледі. Астындағы атының ер-тұрмны да толық суреттеледі. Қалмақы үзеңгі, биік қасты ер, қанжығасы жіптен жасалған шідер, көпшігі жарғақ жастық. Оқырман өлеңнен ескі үлгідегі қазақтың ұлттық киімімен толық танысады. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Алғаш рет «Сана» (1924, 2-3) журналында басылған.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: