09:32
Абай әлемі

«САУДАЙЫ-АЙ, САУДЫ АЛМАДЫҢ-АУ, СЫРҚАУДЫ АЛЫП...»

Абайдың 1896 жылы шығарған өлеңі. Көлемі 4 тармақтан тұратын бір шумақ. Ақын бірнеше рет үйленсе де басы бақты әйелге кездесе алмай қойған ауылдасы Дүйсенқұл деген кісі тағы бір жолы Жақып дегеннің күйеуден қайтып келіп отырған ауру қызына қосылғанын естігенде айтқан. «Саудайы» - араб сөзі, аңғал, абайсыз деген мағынаны білдіреді. Абай осы сөз арқылы ақылдасының апалақтаған аңғалдығын ескерте отырып, оның жар таңдау сияқты аса маңызды өмірлік мәселеге ұшқары қарайтынын үлкен мін санаған. Сондықтан да мұны жай ғана кемшілік демей, дүйсенқұлдың ұшып-қонып жүріп, сырқау әйелге ұрынған ұшқалақтығын барша жұртқа мазақ етіп: «Ала жаздай көгалды бір көрмедің, Сары жұртқа қондың бір ірге аударып», - деп, ащы тілмен өлтіре ажуалайды. Дүйсенқұлды И.А.Крыловтың шырылдауық шегіткесіне ұқсатады. Осы екі жолдан өлеңді табан астында, ауызша шығаруға әбден машықтанған тілі шешен, ойы жүйрік ақынның шеберлігі айқын көрінеді. Өткір тіл, көркем сурет, терең мағына қатар табылады. Өлең 11-14 буынды қара өлең ұйқасымен шығарылған. Алғаш рет ақын шығармаларының 1933 жылғы жинағында жарияланды.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: