09:58
Абай әлемі

«СӘУЛЕҢ БОЛСА КЕУДЕҢДЕ...»

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Көлемі 36 жол. Өлеңде ауыр ой мен ауырған шерлі жалғыздық көкірегінде түн тұнған әрі заман қысымы тудырған мұңлы да өкінішті ой толғанысы жатыр. Абай ғұмыр кешкен заман – қазақ халқын ел билеу жүйесіндегі өзгерістер мен халықтың ой санасында орын алған ерекшеліктер, батыс пен шығыстың рухани қазыналарымен қоян-қолтық араласу жағы күшейе түскен кезең. Осы тұста дүниеге келген бұл өлеңге ой көзімен үңіле қарасаң, сол заманның белгілерін анық аңғаруға болады. Қазақ қоғамындағы сырттан өндірілген, яғни таза отаршылдық мүдде тұрғысынан жасалған ел билеу жүйесіндегі бассыздық, шырық бұзарлық, анархистік құбылысты тудырып отырған сатылы болыстық сайлауға, қазақ елінің бірлігі мен рулық тұтастығын бұзуға негізделген болыстық сайлаудың территориялық принципіне қарсылығы көрінеді. Өлеңнің ең басты ой сарыны – «Единица – жақсысы, Ерген елі ьейне нөл» ұғымында жатыр. Бұл жолдар арқылы Абай елді ақылмен, әдеттілікпен билеген жеке адамға, кемл тұлғаға ерекше мән береді. Ел басқару жүйесінде анархистік бассыздыққа жол бермейтін, елін береке, бірлікке бастайтын кемел басшыны аңсайды. Қазақ елін билеу жүйесіне отаршыл өкімет алдын-ала ұзақ даярлықпен келіп өндірілген болыстық сайлау жүйесі, шынында да, қазақ халқының бірлігін бұзып, берекесін кетіріп, тұрмыс жағынан мүлде әлсіреп, мінез-құлқы жағынан да азғындауға ұрындырды. Абай осы жағдайдың зардабын ұлылықпен терең сезінген.

Өлең 7 буынды, ерікті ұйқаспен жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: