16:02
Абай әлемі

«СОРЛЫ КӨКБАЙ ЖЫЛАЙДЫ...»

Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 9 тармақтан тұратын бір шумақ. Азған заманды көріп, ел ішін ала тайдай шулатқан ұрлық-зорлықтан әбден мезі болған ақын өзегін өртеген ашу-ызасын жолдасы Көкбайға көз жасы мен жыры арқыды білдірмек болған. Бұл туралы Көкбайдың өзі: «1880 жылдан бастап, 1886 жылдарға шейін Абай әртүрлі өлеңдер жазып жүрді. Бірақ бұл уақыттағы сөздерінің барлығын Көкбай сөздері деп жүргізді. Кейін Омбыда «Дала уәлаяты газеті» және «Серке» газеті шыққанда бірер өлеңін тағы да менің атыммен жіберді. «Сорлы Көкбай жылайды, жылайды да жырлайды» дегенді мені ие қылып қойып, өзін айтып еді», - деп жазды («Абай», 1992, №1). Азаматы азып, өңкей ұры-қары жайлаған қу заманның қулық-сұмдығын көре-көре көңілі қалып, бұзылған елді қалыпқа салар қайрат таппай, «мыңмен жалғыз алысқан» ақынның жылап отырып жырлаған сәттері аз болмаса керек. Өлең 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқаспен жазылған. Алғаш рет ақын шығармаларының 1933 жылғы толық жинағына енгізілді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: