22:48 Абай әлемі | |
«СҮЙСІНЕ АЛМАДЫМ, СҮЙМЕДІМ...» Абайдың 1899 жылы жазған өлеңі. Көлемі 4 жол. Махаббат деген көшпелі алтынның сынаптай сырғып, аңғартпай өтіп кеткен соң «аһ» ұрғызатын киелі қасиетін өлеңге арқау етіп алған. Махаббаттың зары, өкініші, оның біреуде ерте, біреуде кеш оянуы, жүректе іңкәрлік, ынтықтық сезімін қалдыруы. «Сүйсіне алмадым, сүймедім, сүйегім жасып, сор қалың, Сүйісіп саған тимедім, Бола алмадым сенің жарың» деп махаббатсыз бақыт, мұнардан жол таба алмаған мұңын шертеді. Өлең 7-8 буынды шалыс ұйқас үлгісімен жазылған. Алғаш ақын шығармаларының 1933 жылғы толық жинағында жарияланған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |