23:16
Абай әлемі

«СЫРМАҚ ҚЫП АСТЫНА...»

Абайдың 1896 жылы жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 7 тармақтан тұратын 4 шумақ. 90-жылдарда әлеуметтік тақырыпты кеңірек қамтып, ел ішіндегі келеңсіз көріністерді көбірек сынға алған ақын тұрмыс мәдениетіне де баса көңіл бөлген. Осы орайда оның сонау жас шағында Шәріпке, Жақсылыққа айтқан бірқақпайларынан бастап, Көкбайға («Бұралып тұрып...»), қара қатынға, дүйсенқұлға айтқан сөздері бір-бірімен астасып жатады. Ақынның Масақбай мен оның қатынына арнаған өлеңі де сол тұрмыстағы салақтық пен ырың-жырың берекесіздікті сынға алады. Өлеңнің бірінші бөлімінде күйеуінің тоқымын сырмақ етіп астына салған, от басын бүксітіп, бықсытқан салақ, түксиген мінезді әйелді шенесе, екінші бөлімінде «апама жездем сай» дегендей, әлгі олақ әйелден онша ұзап кете қоймайтын күйеуін келеке етеді. Масақбайдың өзі де құрбыға қадірсіз, мінезі сабырсыз, барқылдап, тарқылдаған құр ойбайдың адамы. Ақын бір отбасындағы осы берекесіздікті тілге тиек ете отырып, елді береке-бірлікке, үлгілі тірлікке, мәдениетке үндейді. Абай айтпақ ойын нығыздап, екпіндете жеткізетін өлең түрін де тап басып таңдаған. Шығарма 7 тармақты жаңа түрмен жазылған. Алғашқы 4 жол 6 буынды шалыс ұйқаспен келеді де, соңғы 3 жолдың екеуі өзара ұйқасатын бір-бір сөзден, ал соңғы тармақтағы екі сөздің алғашқысы соларға ұйқастырылады. Бұл Абайдың қазақ өлеңіне әкелген жаңа түрі. Өлең алғаш рет ақын шығармаларының 1933 жылғы толық жинағына енгізілген.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: