12:53
Абай әлемі

«ТАҢҒАЖАЙП БҰЛ ҚАЛАЙ ХАТ...»

(«Онегиннің Татьянаға жауабы»)

Абайдың 1889 жылы А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан тәржімелеген өлеңі, Онегиннің Татьянаны жұбатып айтқан сөзінің аудармасы. Өлең түпнұсқада 68 жол, Абай аудармасында 76 жол. Орысша түпнұсқада.

... «Вы ко мне писали,

Не отпирайтесь. Я прочел,

Души доверчивой признанья,

Любви невинной излиянья», -

деп басталады.

Абай туындыны мағынасын ғана сақтап, еркін аударған. Өлең 7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғашқы рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

Ақын бұл өлеңіне ән шығарған. Әнді музыка зерттеушісі Қ.Жүзбасов 1984 жылы М.Мұхамеджановадан таспаға жазып алып, нотаға түсірді. Бұл әннің мелодикалық сазы «Тәңрі қосқан жар едің сен...» атты әнмен аз да болса сарындас келеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 32 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: