00:38
Абай әлемі

«ТАУ ЖЕБЕЛЕП ЖОРТАДЫ КӨК БӨРІЛЕР...»

Абайдың кейін табылған өлеңі. Көлемі 4 тармақтан тұратын бір шумақ. Немере інісі Смағұлға арнаған. Смағұл Құнанбайдың Айғыз деген әйелінен туады. Мінезі тіктеу, өкпешіл, палуан тұлғалы бір тоға адам болған. Смағұл қонысқа өкпелеп, біраз уақыт елден жырақ, қиыр жайлап кеткен кезде Абай осы өлеңін шығарған. Ақынның өкпешіл інісіне басу айтқан ағалық назы ғана. Ешқандай көңіл күйі байқалмайды. «Сен түгіл тау жебелеп жортқан көк бөрі де бір күн атқа бөктеріледі, жат жерде жақсы бола алмайсың» деген ескерту. соның өзінен де ақынның ағайын бірлігіне деген ықыласы аңғарылады. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен шығарылған. Алғаш рет 1945 жылы Ермұса Елібаев деген қарттың аузынан жазып алынып, ақынның 1961 жылғы толық шығармалар жинағына енгізілген.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 41 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: