10:41
Абай әлемі

ШЕГІРТКЕ мен ҚҰМЫРСҚА

Абайдың 1898 жылы И.А.Крыловтан аударған мысал-өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан тұрады, көлемі 36 жол. Мысалда бүгінін ғана ойлайтын, ертеңінің қамын қылмайтын, «түстік өмірің болса, кештік мал жи» дейтін халық нақылын ескермейтін, еңбекке икемсіз, қымыз бен қызық қуып, әуейлікке салынған есерлер шегіртке бейнесінде мазақталған. Еңбек етпей қызық дәурен сүргісі келетін секеңдеген селтеңбайларды аяуға болмайтынын көрсеткен. Сондықтан да мысал құмырсқаның шегірткені жылы илеуі – үйіне кіргізбей, тағдыр тәлкегіне итеріп тастауымен аяқталады. Бұдан «еңбек ет, еңбек етсең – емесің, берекеге енесің» деген ойды ұғуға болады. 30 жолдық түпнұсқаны Абай 8,9 буынды, -а-б-в-б үлгісімен жазған. Тек Крылов мысалындағы инеліктің орнына әдейі қазақ оқушысының ұғымына жақынырақ, қонымдырақ шегірткені алған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Мысал мәтіні 1909 жылғы жинақ пен Мүрсейіт қолжазбалары негізінде Абайдың барлық жинақтарына енгізілген.   

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 32 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: