11:04
Абай әлемі

ЫСЫТҚАН, СУЫТҚАН...

Абайдың 189 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 5 шумақтан тұрады. Жас келген сайын көңілдің шау тартып, құмарлық-қызық, іңкәрлік атаулының өгей баладай өзге көрінуі, бұрынғы көңіл, ескі әдеттен жолдан жаңылған шақта, қуаттың «ол нем?» деп, сыр бермес сана алдындағы опық жеуі өлең арқауын құрайды. Абай көңіл мен табиғи тозу арасындағы кереғарлықты, жалған дүниенің жалт берген шағын адам баласы сезе тұрып, мойындағысы келмейтіні философиялық терең толғаныспен берген. Өлең 6-7 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрен «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіттің 1905, 197 жылғы қолжазбаларында соңғы шумақтың 2-жолы «Надандық омен жеңілмес» делінсе, басылымдарында бұл жол Мүрсейіттің 1910 жылғы қолжазбасы негізінде «Надандықпен жеңілмес» болып алынған. Өлең ағылшын, араб, қарақалпақ, қырғыз, орыс, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: